07.04.2015, 15:31 3683

"2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу" атты тақырыпта семинар өтті

Алматы облысыныӊ сайлау комиссияларынан басқа аталған іс-шараға қатысушы ретінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердіӊ өкілдері, Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидаттардыӊ сенім білдірген адамдары, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазақстан Республикасыныӊ мүдделі мемлекеттік органдарыныӊ өкілдері шақырылды

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 7 сәуірде Талдықорған қаласында Алматы облысыныӊ сайлау ұйымдастырушыларымен "2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу" атты тақырыпта семинар өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Семинардыӊ жұмысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі М.А. Сәрсембаев қатысты.

Алматы облысыныӊ сайлау комиссияларынан басқа аталған іс-шараға қатысушы ретінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердіӊ өкілдері, Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидаттардыӊ сенім білдірген адамдары, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазақстан Республикасыныӊ мүдделі мемлекеттік органдарыныӊ өкілдері шақырылды.

Сөйлеген сөзінде М.А. Сәрсембаев сайлау науқанын қаржылық, материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелер жөнінде бірқатар түсініктемелер берді. Сайлау учаскелерінде дауыс беруді ұйымдастырудыӊ және өткізудіӊ рәсімдеріне, учаскелік сайлау комиссияларыныӊ іс-әрекеттеріне айрықша көӊіл бөлінді.

Сондай-ақ ҚР ОСК мүшесі сайлау процесіне қатысушылардыӊ бәрініӊ сайлау заӊнамасы нормаларыныӊ бұлжытпай сақталуын қамтамасыз ету және өзара іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру қажеттігіне ерекше бөлді.

"Біз әр азаматтыӊ өз конституциялық сайлау құқығын іске асыру үшін және сайлау заӊнамасыныӊ талаптары мен жалпыға танымал халықаралық қағидаттарға сәйкес әділ де транспарентті сайлау науқанын өткізу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауымыз керек" - деп атап өтті М. Сәрсембаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны