29.05.2015, 09:33 3688

2015 жылғы 28 мамырдағы Жалғыз Акционердіӊ шешімімен және Ауыл шаруашылығы министрініӊ бұйрығымен "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы болып Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлы тағайындалды.

Холдинг ұжымына жаӊа басшыны таныстыру барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлыныӊ қаржылық институттарда, сонымен қатар "ҚазАгро" Холдингініӊ құрылымдарында жұмыс істеудіӊ үлкен тәжірибиесі бар екендігін атап өтті. Министрдіӊ сөзіне сәйкес бүгінгі күні Холдинг пен оныӊ жаӊа басшысыныӊ алдында үлкен тапсырмалар тұр

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Холдинг ұжымына жаӊа басшыны таныстыру барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлыныӊ қаржылық институттарда, сонымен қатар "ҚазАгро" Холдингініӊ құрылымдарында жұмыс істеудіӊ үлкен тәжірибиесі бар екендігін атап өтті. Министрдіӊ сөзіне сәйкес бүгінгі күні Холдинг пен оныӊ жаӊа басшысыныӊ алдында үлкен тапсырмалар тұр. Оныӊ ішінде - 2011-2020 жылдарға "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ даму Стратегиясына еншілес компаниялардыӊ қызметін оӊтайландыру мен оныӊ орындалуын бағалауды ескере отырып өзгерістер енгізу, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлы 1971 жылдыӊ 17 қыркүйегінде Торғай облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлкеттік университеті экономика факультетінде білім алған.

- Еӊбек қызметін 1995 жылы "Тұран Банкінде" бастаған. Ир жылдарда "АТФ Банк" ААҚ, "ASTANA CAPIТAL InvestmentGroup" ЖШС басшы қызметтерінде болған.

- 2009 жылдан бері "ҚазАгро" Холдингі жүйесінде қызмет етуде: "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарушы директоры, "ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма Төрағасы, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма Төрағасы.

- 2015 жылдыӊ мамыр айынан "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

"Ерен еӊбегі үшін" медалімен марапатталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны