28.04.2015, 11:58 3960

2015 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы болды, онда 2015 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауыныӊ қорытындылары жарияланды.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес Орталық сайлау комиссиясы тізімдерге енгізілген 9547864 сайлаушыныӊ 9090920 -і немесе 95,21 % -ы дауыс беруге қатысты

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес Орталық сайлау комиссиясы тізімдерге енгізілген 9547864 сайлаушыныӊ 9090920 -і немесе 95,21 % -ы дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сайлаушылар дауысы жалпы республика бойынша төмендегідей бөлінді:

Ибілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа сайлаушылардыӊ 57718 дауысы берілді, бұл 0,64 %-ды құрады.

Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевқа - 8833250 немесе 97,75 %.

Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовқа - 145756 немесе 1,61 %.

Сайлау туралы заӊға сәйкес және Орталық, сондай-ақ облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссияларыныӊ Қазақстан Республикасыныӊ Президентін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларыныӊ негізінде Орталық сайлау комиссиясы сайланған Қазақстан Республикасы Президенті болып Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев саналсын деп қаулы етті.

Сайлаудыӊ нәтижелері туралы ҚР ОСК бекіткен ресми хабар БАҚ-та жарияланады және Ортсайлаукомныӊ ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сәуірде кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасыныӊ Президентін тіркеу туралы қаулы қабылдады, сондай-ақ 2015 жылғы 29 сәуірді Қазақстан Республикасы Президентініӊ ант беру күні деп белгіледі.

Ортсайлауком Төрағасы Орталық сайлау комиссиясы аталған қаулыларды қабылдай отырып, Мемлекет Басшысын сайлау жөніндегі сайлау науқаныныӊ соӊғы кезеӊін аяқтайды деп атап өтті.

"Өткен сайлау науқаны барысында өздерініӊ саяси еркін белсенді әрі бірегей көрсеткен барлық қазақстандықтарды құттықтауға, сондай-ақ сайлау процесініӊ барлық қатысушыларына, әсіресе сайлауды ұйымдастырушыларға адал және жауапты жұмыстары үшін алғыс білдіруге рұқсат етіӊіздер!

Сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Президентініӊ сайлауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі олардыӊ алдарына қойылған міндеттерді орындап шықты деп ойлаймын" - деді Қ. Тұрғанқұлов отырыс соӊында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны