28.05.2014, 22:08 3069

2015 жылы Астанада NISPAcee конференциясы өтеді

Академия қызметкерлері мен NISPAcee өкілдері арасында арнайы кездесу ұйымдастырылып, онда 2015 жылы Астанадада NISPAcee-нің өңірлік конференциясын өткізу жайлы ұсынысы талқыланып, қазақстандық тараптың ұсынысы ұйым өкілдерінен қолдау тапты.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. Будапештте (Венгрия) 2015 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында Орта Азия мен Шығыс Еуропаның мемлекеттік басқару институттары мен мектептері қауымдастығының (NISPAcee) 23-інші жыл сайынғы конференциясын өткізу мәселесі талқыланды.

Будапештте (Венгрия) Орта Азия мен Шығыс Еуропаның мемлекеттік басқару институттары мен мектептері қауымдастығының (NISPAcee) 22-інші жыл сайынғы конференциясы өтті.

Шараға әлемнің 30 елінен 350-ден астам адам қатысып, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері де бар.

Академия өкілдері мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау мәселесі бойынша Қазақстанның тәжірибесі туралы баяндамаларын оқыды.

Сонымен қатар, 22-24 мамыр күні Академия өкілдері мемлекеттік басқару мәселесімен айналысатын халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен іскерлік байланыс құрды.

Хабарламада айтылғандай, Академия қызметкерлері мен NISPAcee өкілдері арасында арнайы кездесу ұйымдастырылып, онда 2015 жылы Астанадада NISPAcee-нің өңірлік конференциясын өткізу жайлы ұсынысы талқыланып, қазақстандық тараптың ұсынысы ұйым өкілдерінен қолдау тапты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны