21.04.2015, 15:15 12439

2015 жылы "Болашақ" бағдарламасы үлкен бәсекелестік жағдайында өтеді деп күтілуде

2015 жылы "Болашақ" бағдарламасы үлкен бәсекелестік жағдайында өтеді, деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамыныӊ президенті Ғани Нығметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылы "Болашақ" бағдарламасы үлкен бәсекелестік жағдайында өтеді, деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамыныӊ президенті Ғани Нығметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Биылғы жылы республикуалық комиссияныӊ шешімі бойынша 600 шәкіртақы тағайындалып отыр. Шәкіртақылардыӊ көлемі біздіӊ бюджетімізге байланысты. Экономикалық жағдай мен бюджеттік мүмкіндіктер негізінде шәкіртақылардыӊ көлемі құбылып отыруы мүмкін. Биылғы жылға белгіленген шәкіртақылардыӊ шекті көлемі 600",-деді Ғ.Нығметов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Статистика бойынша жылына "Болашақ" бағдарламасына 2 мыӊнан сәл ғана асатын азаматтар құжат тапсырады. "Ир жылдары бағдарламаға деген бәсекелестік әрқалай болатын. Биылғы жылы бір орынға деген бәсекелестік өте жоғары болады",-деді акционерлік қоғам басшысы.

Жалпы бағдарламаны жүзеге асыру кезінде 11 мыӊ 126 шәкіртақы тағайындалып, 7 мыӊ 929 маман дайындалған. Бағдарлама түлектерініӊ 98 пайызы жұмыспен қамтылды, олардыӊ 45 пайызы өздерініӊ білім-біліктерін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда пайдалануда, ал 2,5 пайызы ұлттық компанияларда, 11 пайызы халықаралық ұйымдарда, 39,5 пайызы жеке секторда жұмыс істеуде.

Естеріӊізге сала кетейік, биылғы жылдыӊ 13-сәуірінде "Болашақ" халықаралық шәкіртақысын тағайындау үшін құжаттар қабылдана бастады. Құжаттарды қабылдау биылғы жылы 3 кезеӊ бойынша жүргізілуде. Олар: 12-сәуір мен 8-мамырды, 8-маусым мен 10-шілдені және 10-тамыз бен 1-қазанды қамтиды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны