06.02.2014, 22:36 3154

2015 жылы ғарыш аппараттарын жинау-құрастыру кешендері пайдалануға беріледі - Т.Мұсабаев

"Стратегиялық әріптесіміз EADS Astrium француз компаниясымен ҚСК міндетін кеңейту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілген. Нәтижесінде, ғарыш аппараттарын жасау саласындағы қазақстандық үлес 10%-дан 50%-ға жетеді", - деп Қазғарыш төрағасы атап өтті.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. Ғарыш аппараттарын құрастыру - сынау және ғарыш техникасының арнайы құрылымдаулық-техникалық кешендерін пайдалануға беру 2015 жылға жоспарланған. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А. Сағынтаевтың қатысуымен өткен агенттіктің коллегия отырысында мәлім етті.

"Ғарыш аппараттарын құрастыру - сынау кешені (ҚСК) жобасы аясында жобалау және сынақ учаскілерінің техникалық құралдарын дайындау кезеңдері аяқталып, техникалық құрал жабдықтардың бөлшектерін жеткізу басталды", - деп Т. Мұсабаев хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде ҚСК мен тәжірибесі бар ғарыш техникасының арнайы құрылымдаулық-техникалық бюросының құрылысы басталып кеткен. Т. Мұсабаев атап өткендей, бұл нысандарды пайдалануға беру 2015 жылға жоспарланған.

"Стратегиялық әріптесіміз EADS Astrium француз компаниясымен ҚСК міндетін кеңейту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілген. Нәтижесінде, ғарыш аппараттарын жасау саласындағы қазақстандық үлес 10%-дан 50%-ға жетеді", - деп Қазғарыш төрағасы атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны