30.04.2015, 21:40 6483

2015 жылы Қостанай облысында 2,4 млн. га жерде химиялық өӊдеу жүргізілмек. Оныӊ 1,5 млн. гектары үйірлі шегірткелерге қарсы өӊделмек.

2007 жылы Қостанай облысында өӊделетін аумақ - 175 мыӊ.га құрады, 2008 жылы - 295 мыӊ.га, 2009 жылы - 417 мыӊ.га, 2010 жылы - 487 мыӊ.га, 2011 жылы - 457 мыӊ.га. Осы уақыт бойы өӊдеулер зиянкестердіӊ шоғырланған бірнеше оӊтүстік аудандарда жүргізілді.

Қостанай. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Қостанай облысы Таран ауылында өткен агрономиялық семинарға қатысушылардыӊ айтуынша үйірлі шегірткелерге қарсы күрес тоғызыншы жыл қатар жалғасуда. Шегірткелердіӊ саныныӊ өсуі облыста 2006 жылдан бастап байқалып келеді. Бұл уақыттан бастап химиялық өӊделетін аумақ жыл сайын өсуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2007 жылы Қостанай облысында өӊделетін аумақ - 175 мыӊ.га құрады, 2008 жылы - 295 мыӊ.га, 2009 жылы - 417 мыӊ.га, 2010 жылы - 487 мыӊ.га, 2011 жылы - 457 мыӊ.га. Осы уақыт бойы өӊдеулер зиянкестердіӊ шоғырланған бірнеше оӊтүстік аудандарда жүргізілді.

2012-2013 жылдары шекаралас тұрған Орынбор облысы (РФ) және Ақтөбе облысы аумақтарынан итальяндық прустыӊ жаппай қоныстану есесінен өӊдеу көлемі 590 мыӊ гектарға дейін ұлғайды. Итальяндық прус облыстыӊ тоғыз ауданында анықталды.

Қостанай облысында 2014 жылы аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өӊдеулер 2,8 млн.га өтті, оныӊ 1,7 млн. гектары шегірткемен залалданған. Өткен жылы ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетініӊ мамандары ресейлік әріптестерімен бірлесе Ресей Федерациясымен шекаралас Қостанай облысыныӊ шамамен 39 мыӊ га жерін тексерген. Осы тексерулердіӊ нәтижесінде шегірткелердіӊ шоғырланған 18,4 мыӊ.гектар жері анықталды.

Бүгінде ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті аса қауіпті зиянды организмдерге және ауылшаруашылық дақылдары ауруларына қарсы химиялық өндеулер бойынша пестицидтерді сатып алу тендері жүргізіп жатыр. Алқаптарды өӊдеу үшін "Титул Дуо" фунгицидтері сатып алынды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны