20.02.2014, 18:56 7936

2015 жылы Назарбаев Университетінде Тау-кен ісі мектебі ашылады

Қазіргі таңда оқу орнында Геологиялық зерттеу орталығы, Жер туралы ғылым институты мен Тау-кен ісі мектебіне енгізілетін ҚР Геологиялық кластерінің негізгі элементтерін құру жұмыстары жүргізілуде.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan today. 2015 жылы Назарбаев Университетінде Тау ісі мектебі ашылады, дейді ҚР Президенті көмекшісі Ербол Орынбаев.

"Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қаныш Сәтбаевтың жолын жалғастыра отырып геологилық саланы дамытуды тапсырды. Бұны Қазақстан геологиясының екінші томы десек те болады. Өз тарапынан Назарбаев Университеті геологиялық саланың дамуына белсенді түрде үлес қосып, бірқатар кешенді міндеттемелерді атқаруда", - дейді Ербол Орынбаев.

Қазіргі таңда оқу орнында Геологиялық зерттеу орталығы, Жер туралы ғылым институты мен Тау-кен ісі мектебіне енгізілетін ҚР Геологиялық кластерінің негізгі элементтерін құру жұмыстары жүргізілуде.

"Қазіргі таңда геология, жер қойнауын пайдалану мен тау-кен ісі саласындағы алдыңғы қатарлы мектеп - Колорада тау-кен мектебімен Назарбаев Университетінде тау-кен мектебін құру туралы келісімге қол қойылды. Мектепті келер жылы ұйымдастыру жұмыстарын шешіп, басым мамандықтар тізімін анықтағаннан кейін іске қосу жоспарланып отыр. Назарбаев Университетіндегі тау-кен мектебі жоғары білікті мамандарды дайындауда негізгі платформаға айналмақ", - дейді Елбасының көмекшісі.

Оның айтуынша, жыл басында Кисё Курокава архитектуралық бюросында Университеттің ғылыми паркі аясында геологиялық кластердің шеберлік жоспары дайындалды.

Бірінші кезекте ғылыми парк құрылысы ҚР Геологиялық зерттеу орталығын қамтиды. Бұның құрылысы келер жылға жоспарланғаны белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада "Қазгеология" АҚ мен Назарбаев Университеті арасында Қазақстанның геологиялық зерттеу орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты - геологиялық, геохимиялық, минералдық, тәжірибелік-өндірістік, тәжірибелік, минералды және көмірсутекті шикізаттың ғылыми-қолданылмалы зерттеуі, қатты пайдалы қазбалар мен Қазақстанның және алыс-жақын шет елдердің жер асты суының кешенді жобасын іске асыру үшін Геологиялық зерттеу орталығын құру аясында әріптестік құру.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны