03.02.2014, 21:48 11787

2015 жылы облыс орталықтарындағы мамандандырылған ХҚКО құрылысы аяқталады - ККМ басшысы

"2014 жылы Талдықорған, Павлодар, Петропавл мен Қызылордадағы автокөлік иелеріне қызмет көрсету үшін 4 жаңа ХҚКО ашу көзделіп отыр. Осылайша республика бойынша мамандандырылған ХҚКО жалпы саны 9 болмақ. 2015 жылы біз барлық облыс орталықтарында мамандандырылған ХҚКО салатын боламыз", - деді министр.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда 2015 жылы облыс орталықтарындағы мамандандырылған ХҚКӨ құрылысы аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың қатысуымен өткен ҚР Көлік және коммуникация министрлігі қызметкерлерінің отырысында ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

"2014 жылы Талдықорған, Павлодар, Петропавл мен Қызылордадағы автокөлік иелеріне қызмет көрсету үшін 4 жаңа ХҚКО ашу көзделіп отыр. Осылайша республика бойынша мамандандырылған ХҚКО жалпы саны 9 болмақ. 2015 жылы біз барлық облыс орталықтарында мамандандырылған ХҚКО салатын боламыз", - деді министр.

Қазіргі таңда ХҚКО қызметі жаңғыртылып, қызмет көрсету уақыты 60 минуттан 15-20 минутқа қысқартылған.

"Халықтың мекеме жұмысына қанағаттану көрсеткіші 82% пайызды құрап отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 24 млн қызмет көрсетілсе, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 2 есеге жоғары", - дейді ведомство басшысы.

Алдағы уақытта ХҚКО-да инновациялық технологияларды енгізу жұмыстары жалғастырыла береді. Атап айтар болсақ, Connection Point, территориялық ұстанымдарға көңіл аударылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету жұмыстарына баса назар аударылмақ.

Жалпы, қазіргі таңда жұмыс істер тұрған 70 мобильді ХҚКО қызметі арқылы 862 мың қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, ел бойынша Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау мен Таразда автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚКО ашылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны