22.05.2015, 12:33 3717

2015 жылы өткен парадқа даярлық кезінде әскери қызметшілер 549 000 метр жүріп өтті

Осыдан екі апта бұрын қазақстандықтар мен бірнеше шетелдіӊ тұрғындары Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған қазақстандық армияныӊ тарихындағы еӊ ірі ауқымды әскери парадқа куә болды

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - Осыдан екі апта бұрын қазақстандықтар мен бірнеше шетелдіӊ тұрғындары Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған қазақстандық армияныӊ тарихындағы еӊ ірі ауқымды әскери парадқа куә болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Парад есте қаларлықтай айрықша шоу болып қана қоймай, армиямыздыӊ жоғарғы жинақылығы мен жауынгерлік әзірлігін паш етті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Дегенмен парад көрермендерітамашалаған мінсіз әдемі көрініс сыртында оған әрбір қатысушыныӊ ерен еӊбегі жатыр.

Искери қызметшілер парадқа даярлықта 488 сағатын өткізді. Күнделікті 8 сағаттық жаттығуда әр жауынгер саптық адыммен 9 000 метр адымдап, 61 жаттығу күні ішінде парадқа қатысушылар 549 000 метрді жаяу жүріп өтті.

Танктер, бронетранспортерлер, жаяу әскер жауынгерлік машиналары, зениттік-зымыранды кешендер - жалпы саны 200-ден аса әскери техника 14 рет жаттығуға шығып, 350 шақырым жүріп өтті.

Ұшу экипаждары армия, майдандық және әскери-көліктік авиацияныӊ 70 тікұшағы мен ұшағында парадқа дайындық кезінде 596 сағат 30 минут әуеде болды.

Жеке құраммен бірге парадқа киім үлгілері де әзірленді. Салтанатты және жауынгерлік әскери киім үлгілері әр жауынгерге арнап тігілді. Бір жинақты тігуге орташа есеппен 2 м 10 см мата жұмсалды.

Қазақстан тарихындағы еӊ ауқымды әскери парадты ұйымдастырудағы атап өтерлік жай ол ҚР Қорғаныс министрлігініӊ ресми сайты арқылы жүргізілген онлайн трансляция болды. Илемдегі барлық интернет пайдаланушылары Астанадағы парадты үйлерінде отырып көре алды. Онлайн трансляция басталысымен 80 000 -нан аса пайдаланушы,солардыӊ ішінде 55 000 бірегей келуші тіркелді.

Астанадағы әскери парад миллиондаған қазақстандық пен шетелдіктерді біріктірді. Енді Қарулы Күштер тағы бір ауқымды және маӊызды іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Ол еліміздіӊ барлық өӊірлеріндегі жастардыӊ басын қосатын болады. Қазақстанда тұӊғыш рет жастар арасында "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиыны өткізілетін болады. Оған Қазақстанныӊ барлық аймақтарыныӊ өкілдері қатысады. Белсенді жастар

3 күн бойы полигонда әскери-қолданбалы спорт түрлері мен жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сайысқа түседі. Сонымен қатар әскери техника, ұшақтар, кемелер үлгілерініӊ, іздестіру топтары қазақстандықтар шайқасқанжерлерден әкелген экспонаттардыӊ көрмесі өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны