22.02.2016, 18:00 2985

2016 Жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда "Айбалта" ірі ауқымды оқу-жаттығуы басталды

Бүгін, 2016 жылдыӊ 22 ақпанында ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтыӊ нұсқауларына сәйкес Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде "Айбалта - 2016" ірі ауқымды жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оныӊ ниеті дағдарыстық ахуалдарды оқшаулау кезінде әскерлердіӊ іс-қимылдары мәселелерін пысықтауға бағытталған

Астана. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін, 2016 жылдыӊ 22 ақпанында ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтыӊ нұсқауларына сәйкес Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде "Айбалта - 2016" ірі ауқымды жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оныӊ ниеті дағдарыстық ахуалдарды оқшаулау кезінде әскерлердіӊ іс-қимылдары мәселелерін пысықтауға бағытталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқу-жаттығу алғаш рет жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда қысқы уақытта өткізілуде. Бұл оқу-жаттығудыӊ ерекшеліктері үлкен қашықтықтарға қайта топтасуы және жедел әуеайлақтарға майдандық авиацияныӊ көшірілуінен кейінгі әскерлердіӊ іс-қимылдары, күрделі қысқы жағдайдағы іс-қимылдар болды. деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Оқу-жаттығуға "Астана" өӊірлік қолбасшылығы, Аэроұтқыр әскерлері, "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы қатысуда". Сондай-ақ біз Шекара әскерлерін, Ұлттық ұлан мен Иуе қорғанысы күштерін тарттық. Біз оқу-жаттығуды төмен температурада, қыста және әскерлер үшін таӊсық жерде өткіздік. Сондықтан әскерлерді біз командирлердіӊ бұл жерді білмейтіндей етіп таӊдадық. Бірқатар жекелеген батальондар оӊтүстіктен Меркі, Арыстан, бірқатар батальон, дивизион батыстан келді. Олар қазір келіп жатыр, тиеліп бітеді және белгіленген аудандарға шығады. Негізі мақсат - күрделі жағдайларда жұмыс жасау үшін штабтарды, әскерлерді даярлау, сондай-ақ жауынгерлікке жақындатылған, қысқы температурада әскери операцияларды жоспарлауға үйрету", - дейді ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

Оқу-жаттығу 2016 жылғы ақпанныӊ 22-і мен 26-ы аралығында ұдайы орналасу пункттерінде, қозғалу бағдарларлары мен "Шығыс", "Сарыөзек" және "Спасск" полигондарында өтеді.

Барлығы оқу-жаттығуға 5 мыӊға жуық адам, 1 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік авиациялық техника тартылады.

"Бүгін бөлімді жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтіру жөніндегі іс-шаралар өткізілді. Біз көрсетілген ауданға марш жасауға оқу-жауынгерлік тапсырма алдық. Онда жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда бөлім штабымен жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау жүргізіледі, ал бөлімшелердіӊ жеке құрамы оқу-жаттығу бойынша шартты қарсыласты іс жүзінде жою жөніндегі тапсырмаларды орындайды. 177 адам және 52 бірлік техника тартылады. Оқу-жаттығудағы артиллерияшылардыӊ міндеті шартты қарсыласты атыспен қолдау, жалпыәскери бөлімшелер мен бөлімдерді қолдау", - деп 28738 әскери бөлімініӊ командирі подполковник Жанат Расқұлов атап өтті.

Осы аптада оқу-жаттығудыӊ негізгі кезеӊдері өтетінін айта кетейік. Онда әскери қызметшілер әскерлердіӊ далалық машығын, күрделі қысқы жағдайда іс-қимыл жасау кезінде жеке құрамныӊ моральдық-психологиялық тұрақтылығы мен физикалық тұрғыдағы төзімділігін арттырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны