11.02.2016, 15:56 3597

2016 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясыныӊ партиялық тізімін тіркеді

Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ныӊ отырысына қатысқан ЖСДП Республикалық сайлауалды штабы Басшысыныӊ орынбасары А.Н. Рахымжановқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттығына кандидаттыӊ куәлігін тапсырды, сондай-ақ ЖСДП-дан партилық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардыӊ куәліктерін берді.

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясыныӊ партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ныӊ отырысына қатысқан ЖСДП Республикалық сайлауалды штабы Басшысыныӊ орынбасары А.Н. Рахымжановқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттығына кандидаттыӊ куәлігін тапсырды, сондай-ақ ЖСДП-дан партилық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардыӊ куәліктерін берді.

2016 жылғы 11 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлаукомға 6 партиялық тізім ұсынылды.

"Нұр Отан" партиясыныӊ, "Ақ жол" ҚДП-ныӊ, "Ауыл" ХДПП-ныӊ, ҚКХП-ныӊ және ЖСДП-ныӊ партиялық тізімдері тіркелді.

Сондай-ақ Ортсайлауком отырысында "2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарыныӊ кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау жөніндегі баспаханаларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ 2016 жылғы 4 ақпандағы № 10/95 қаулысына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Алматы қаласы, Алматы, Атырау және Маӊғыстау облыстары үшін мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындауды "АВК+" ЖШС жүзеге асырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны