01.02.2016, 16:10 3849

2016 жылғы 1 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттарыныӊ депутаттығына кандидаттардыӊ республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарыныӊ мөлшерлерін бекітті

Ортсайлауком қабылдаған қаулы бойынша заӊнамаға сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарыныӊ депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа бюджеттен үгіт іс-шаралары мен көліктік шығыстарға 245 мыӊ теӊге, ал қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидатқа 153 мыӊ теӊге бөлінеді.

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 1 ақпанда Орталық сайлау комиссисы Қазақстан Республикасы мәслихаттарыныӊ депутаттығына кандидаттардыӊ республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарыныӊ мөлшерлерін бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ортсайлауком қабылдаған қаулы бойынша заӊнамаға сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарыныӊ депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа бюджеттен үгіт іс-шаралары мен көліктік шығыстарға 245 мыӊ теӊге, ал қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидатқа 153 мыӊ теӊге бөлінеді.

Сонымен қатар сайлау туралы заӊныӊ 19-бабы 6-тармағыныӊ екінші бөлігіне және 8-тармағына сәйкес Ортсайлауком сайлау заӊнамасы белгілеген тәртіппен сайланғанға дейін шығып қалғандардыӊ орнына Астана қаласыныӊ қалалық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі етіп А.Я. Шеферді, Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі етіп В.С. Пакты тағайындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны