03.02.2016, 15:38 4183

2016 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы "Нұр Отан" партиясыныӊ партиялық тізімін тіркеді

"Нұр Отан" партиясыныӊ партиялық тізіміне енгізілген кандидаттардыӊ 60 %-на жуығы 55 жасқа дейінгі адамдар, олардыӊ еӊ жасы - 26 жаста.

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 3 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы бірінші партиялық тізімді - "Нұр Отан" партиясыныӊ тізімін тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

127 кандидаттыӊ ішінде жеті ұлттыӊ өкілі бар.

23 % -дан астамы - әйел адамдар.

"Нұр Отан" партиясыныӊ партиялық тізіміне енгізілген кандидаттардыӊ 60 %-на жуығы 55 жасқа дейінгі адамдар, олардыӊ еӊ жасы - 26 жаста.

Партия ұсынған 33 кандидат Парламент Мәжілісініӊ депутаты болған.

Сондай-ақ ғылым, мәдениет және білім беру қайраткерлері, белгілі спортшылар, коммерциялық құрылымдардыӊ, мемлекеттік органдар мен мекемелердіӊ қызметкерлері ұсынылған.

Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ныӊ отырысына қатысқан "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары А.И. Мырзахметовке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттығына кандидаттыӊ куәлігін тапсырды, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясынан партилық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардыӊ куәліктерін берді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес саяси партиялардыӊ тізімдердін тіркеу ағымдағы жылғы 19 ақпанға дейін жалғасады, ал 20 ақпаннан бастап партиялар үгіт жұмысына кірісе алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны