11.08.2015, 16:58 3976

2016 жылы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер кешенді аттестаттаудан өтеді - И.Көмекбаев

Алдағы жылы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу күтілуде, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаментініӊ басшысы Или Көмекбаев

Астана. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - Алдағы жылы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу күтілуде, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаментініӊ басшысы Или Көмекбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер кезекті аттестаттаудан өтеді", - деді И.Көмекбаев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оған қоса, ол жалпы аттестацияны өткізу кезінде қызметкердіӊ заӊнаманы білу деӊгейі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердіӊ жеке және кәсіби қабілеттері де бағаланатынын айтып өтті. Осы орайда аттестацияныӊ басты мақсаты мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан шығару емес, олардыӊ әлеуетін анықтауға бағытталып отыр.

"Икімшілік мемлекеттік қызметкерлердіӊ құзыретін бағалау үшін тестілеу, ситуациялық тапсырмалар, кеӊесу секілді шаралар өткізіледі. Аттестация нәтижесі мемлекеттік қызметкерлерді дамыту жоспарын құрудыӊ негізі болмақ", - деп нақтылады ол.

Оныӊ айтуынша, аттестация ережелері нормативтік-құқықтық базада тіркеледі, бүгінде ол агенттікпен жасақталуда. Осы шараларды жүзеге асыру үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны