26.05.2014, 21:16 3043

2016 жылы барлық өңір онкологиялық скринингтермен толық қамтамасыз етіледі - ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде қатерлік ісік ауруларынан болатын өлімді азайту жөніндегі республикалық штабтың кезекті отырысы өтті. Кеңеске өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының, ғылыми орталықтар мен медициналық жоғары оқу орындарының жетекшілері қатысты.

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде қатерлік ісік ауруларынан болатын өлімді азайту жөніндегі республикалық штабтың кезекті отырысы өтті. Кеңеске өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының, ғылыми орталықтар мен медициналық жоғары оқу орындарының жетекшілері қатысты.

Жиында республикада жыл сайын 30 мыңнан астам қатерлі ісік аурулары анықталатыны, оның ішінде 53,6% ғана ерте сатысында анықталатыны айтылды, деп ведомствода хабарлады. Жалпы бүгінгі таңда елімізде онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың электрондық тізілімінде 146 мыңнан аса адам тіркелген.

Осыдан 2 жыл бұрын қабылданған онкологиялық көмекті дамытуға арналған салалық бағдарлама қазірде оң нәтижесін бере бастады. Бағдарламаның негізгі бағыттары: профилактикалық іс-шараларды жетілдіру, диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту, онкологиялық қызметтің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын нығайту болып табылады.

Қазақстанда өңеш, асқазан, бауыр және еркектік безі обырларына жүргізілетін скринингтерге кезең-кезеңмен жыл сайын 6 өңірден қосылуда. Осылайша, 2016 жылы республиканың барлық өңірі онкологиялық скринингтермен толық қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда сүт безі обырының 85%, жатыр мойны обырының 95%, колоректальды обырдың 75% ерте сатысында анықталады. Бұл өз кезегінде жүргізілетін емнің тиімділігін арттырады.

Онкологиялық бағдарламада аудандық және қалалық емханаларда 101 арнайы кабинет ашу жоспарланған. 2013 жылы 138 маммологиялық және 21 практологиялық кабинет ашылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны