Система Orphus

2016 жылы Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымы қорғаныс министрлерініӊ кеӊесі өтеді

30.06.2015, 18:20 2303

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Ресей Федерациясыныӊ Санкт-Петербург қаласында ШЫҰ мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерініӊ кеӊесі өтті. Оған Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ШЫҰ қатысушы елдер арасындағы өзара іс-қимыл деӊгейі қанағаттанарлық деп атап өтті. "Біз оны нығайту мен дамытуға, ШЫҰ мәнісін арттыруға ниеттіміз. Осыған байланысты, Астанада 2016 жылдыӊ мамырында келесі кеӊесті өткізу туралы қазақстандық бастаманыӊ қолдауына үміттенеміз". Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қорғаныс министрлері кеӊесініӊ қорытындысы бойынша делегация басшыларымен ұсынылған құжаттарға қол қойылды және бекітілді.

Бұл күні қазақстандық делегацияныӊ ҚХР қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюанмен екіжақты кездесуі өтті. Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастықты нығайту және кеӊейту Қазақстанныӊ басты стратегиялық басымдықтарыныӊ бірі болып табылатынын айта кеткен жөн.

Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастарыныӊ тарихи тамыры тереӊде жатыр. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеӊберіндегі ынтымақтастық сүбелі фактор болып табылады Бұл ұйым Азиядағы қауіпсіздіктіӊ жалпы және бөлінбейтін кеӊістігін құруға бағытталған. Бұдан өзге, жүйелі түрде "Бейбіт миссия" әскери лаӊкестікке қарсы оқу-жаттығуды өткізуді қоса есептегенде әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.

"2014 жылғы қытай тарапымен ұйымдастырылған оқу-жаттығу жоғары деӊгейді және аталған оқу-жаттығудыӊ сәтті өткізілуін көрсетті. Онда біздіӊ бөлімшелер күрделі жағдайда әртүрлі тапсырмаларды бірлесіп орындау элементтерін пысықтады. Сонымен қатар ағымдағы жылдыӊ қыркүйек-қазан айларында біздіӊ мемлекеттеріміздіӊ аумағында алғашқы екіжақты роталық-тактикалық лаӊкестікке қарсы оқу-жаттығуды өткізу қауіпсіздік қатерлеріне бірлесіп ден қою кезінде бөлімшелеріміздіӊ өзара іс-қимыл және машық деӊгейін арттырады. Одан өзге, осы жылдыӊ маусымында Қазақстанныӊ аумағында өткен танк биатлоны бойынша әлем чемпионатына танкті экипаждардыӊ бірлескен дайындығы да маӊызды болып табылады" - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов сөз соӊында.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны