23.12.2016, 20:18 4095

2016 жылы Қазақстанныӊ ЕАЭО-ға төрағалығы барысында еуразиялық интеграцияны одан әрі жалғастыру мәселелеріне қатысты бірқатар маӊызды құжаттар әзірленді

2016 жылы Қазақстанныӊ ЕАЭО-ға төрағалығы барысында еуразиялық интеграцияны одан әрі жалғастыру мәселелеріне қатысты бірқатар маӊызды құжаттар әзірленді, аталған мәселелер алдағы отырыста қарастырылатын болады.

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев кеше Еуразиялық экономикалық комиссия алқасыныӊ төрағасы Тигран Саркисянды қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊес отырысыныӊ күн тәртібіндегі жайттар талқыланды.

2016 жылы Қазақстанныӊ ЕАЭО-ға төрағалығы барысында еуразиялық интеграцияны одан әрі жалғастыру мәселелеріне қатысты бірқатар маӊызды құжаттар әзірленді, аталған мәселелер алдағы отырыста қарастырылатын болады. Олардыӊ қатарында көлік саясатын бірлесе үйлестіру, кеден заӊнамасы, электр энергетикасыныӊ ортақ нарығын қалыптастыру мәселелерін атап өтуге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны