08.09.2016, 11:10 3600

2016 жылы республика бойынша гендерлік саясат саласында 1600 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған

2016 жылы республика бойынша гендерлік саясат саласында 1600 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Гендерлік саясатқа бюджеттен бөлінетін қаржыныӊ көлемі жыл сайын артып келеді , деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылы республика бойынша гендерлік саясат саласында 1600 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Гендерлік саясатқа бюджеттен бөлінетін қаржыныӊ көлемі жыл сайын артып келеді , деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Үстіміздегі жылы үкіметтік емес ұйымдармен ортақ жобаларды жүзеге асыратын әлеуметтік саладағы бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерініӊ саны артты. Жалпы 2016 жылы республика бойынша түрлі бағыттар бойынша, соныӊ ішінде гендерлік саясат саласында 1600 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

"Мемлекеттік органдардыӊ үкіметтік емес ұйымдармен гендерлік саясат саласындағы бірлескен жұмысы әлеуметтік жобалар саныныӊ өсуімен қатар, гендерлік саясатты жүзеге асыруға бөлінетін бюджет қаржысыныӊ көлемін арттыруға да мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

"Соӊғы 5 жыл ішінде ел бойынша гендерлік саясат аясында 500-ден аса әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, Гендірлік теӊдік стратегиясыныӊ "Қоғамдық-саяси өмірде гендірлік теӊдікке қол жеткізу" бағытын жүзеге асыру аясында Қазақстанда Ийелдер көшбасшылығы мектептерініӊ республикалық желісі құрылды. Оныӊ құрамына мемлекеттіӊ барлық аймақтарынан 69 үкіметтік емес ұйым енді", - делінген хабарламада.

Ийелдер көшбасшылығы мектептері аясында көшбасшы әйелдерді тұлғалық өсім мен оларды қоғамныӊ әлеуметтік мәселелерін шешудегі белсенділігін арттыруға бағытталған семинар-тренингтер, шеберлік сағаттарында оқыту үрдісі жүйелі түрде жүргізіледі. Өзекті мәселелерді жергілікті деӊгейде шешу үшін халықтыӊ әлеуметтік аз қамтылған топтармен кездесулер ұйымдастырылады.

"Мемлекет тарапынан отбасы институтын қолдау ресурс орталықтарын, кризис орталықтарын қолдау, отбасы, үлгі аларлық әкелер байқауларын, мүгедек әйелдер арасында шығармашылық байқауларын ұйымдастыру бағытында жан-жақты жұмыс жүргізіліп келеді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны