16.06.2015, 16:15 3084

2017-2018 жж. ҚР БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету бойынша ҚР Президентініӊ арнайы өкілі бірқатар еуропалық мемлекеттерге сапармен барды

Астана. 16 Маусым. Kazakhstan Today - Өткен аптада 2017-2018 жж. Қазақстан Республикасыныӊ кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесіне тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету мақсатында ҚР Президентініӊ арнайы өкілі ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірініӊ орынбасары Алексей Волков Швеция, Бельгия және Монако елдеріне сапармен барып қайтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Стокгольм қаласындағы сапар бағдарламасы Швеция Парламентініӊ спикері Урбан Алинмен, Швеция Премьер-министрі жанындағы Сыртқы істер және Еуропалық Одақ мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Ханс Дальгренмен, Швецияныӊ Кәсіпкерлік және инновациялар министрі жанындағы мемлекеттік хатшысы Оскар Стенстрёммен және Швеция СІМ Саяси мәселелер жөніндегі бас директоры Торбьёрн Сольстрёммен кездесулерді қамтыды, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Брюссель қаласында сапар аясында Бельгия Премьер-министрініӊ орынбасары, Сыртқы істер министрі кабинетініӊ басшысы Марк Пекстинмен кездесуі өткізді.

Монакода А. Волков Монако Үкіметініӊ Сыртқы байланыстар мен ынтымақтастық жөніндегі кеӊесшісі (Сыртқы істер министрі) Жиль Тоннелимен келіссөздер жүргізді.

Барлық кездесулер достық пен өзара түсіністік сипатында өтті. ҚР Президенті арнайы өкілініӊ сұхбаттастары еліміздіӊ және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бүкіл әлемдегі ядролық қарусыздандыруға, Орталық Азия аймағында өзара сыйластық, сенім және қолдау жағдайын құруға, еуразиялық континенттіӊ саяси және экономикалық өмірдегі интеграциялық бастамалары мен инновациялық қадамдарындағы үлесін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны