05.03.2015, 11:34 4345

2017 жылғы 1 шілдеден базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Илеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаӊғырту туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Илеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаӊғырту туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Светлана Жақыпова 2014 жылғы 18 маусымда Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен бекітілген 2030 жылға дейінгі кезеӊге арналған Қазақстанныӊ зейнетақы жүйесін әрі қарай жаӊғырту тұжырымдамасында келесі өзгерістер қарастырылғанын алға тартты:

- 2017 жылғы 1 шілдеден зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы тағайындау; зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болған жағдайда базалық зейнетақы күнкөріс деӊгейі мөлшерініӊ 50% құрап, 10 жылдан асқанда әрбір толық жыл үшін күнкөріс деӊгейі мөлшерініӊ 2% мөлшерінде ұлғайтып отыру;

- 2018 жылдан жұмыскер табысыныӊ 5% жарнасын Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған шартты зейнетақы шотына аудару есебінен жаӊа шартты-жинақтаушы компонента енгізу; жұмыскер зейнетақы жасына жеткенде және жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан кем емес жағдайда шартты-жинақтаушы компонентадан берілетін зейнетақы мөлшері шартты зейнетақы шотында қалыптасқан зейнетақы құқығына және болжалды өмір сүру ұзақтығына байланысты анықталады. Зейнетақы өмір бойы төленеді және мұрагерлікке берілмейді.

Сондай-ақ, вице-министр 2015 жылғы мамырдан бастап "Қазпошта" АҚ және мобильдік халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ мамандары алыс аудандардыӊ елді мекендерінде тұратын азаматтардан зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптама қызметініӊ мүгедектікті белгілеуіне құжаттар қабылдау ұйымдастыратынын жеткізді. Қызмет алушыларға тұрғылықты жерлерінде көрсетілетін мұндай қызметтер (құжаттар қабылдау және есеп-шот ашу) қолайлы жағдай жасап, мемлекеттік қызметтер алуға кететін шығын мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны