08.02.2018, 16:09 5045

2017 жылы Мұнайлы ауданында орташа жалақы 140 260 теӊгені құрады

Мұнайлы ауданыныӊ әкімі Нұрлан Тәжібаев тұрғындар алдында есеп берді. Жиында ауданныӊ ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша атқарылған іс-шаралар мен 2018 жылға арналған міндеттері мен жоспарлар туралы баяндады.

Ақтау. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Мұнайлы ауданыныӊ әкімі Нұрлан Тәжібаев тұрғындар алдында есеп берді. Жиында ауданныӊ ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша атқарылған іс-шаралар мен 2018 жылға арналған міндеттері мен жоспарлар туралы баяндады.

Мұнайлы ауданында 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы көрсеткішке сәйкес, тұрғындар саныныӊ өсімі 105,9% немесе 152 300 адамды құрады. Өнеркәсіп өнімдерініӊ өндіріс көлемі (2018 жылдыӊ 1 қаӊтар айындағы жағдай) - 70 418,9 млн. теӊге.Өнеркәсіп өнімдерініӊ нақты көлем индекстері - 100,8 пайызға орындалды.Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі - 16,02 млрд.Құрылыс жұмыстарыныӊ нақты көлем индексі 82,8% болып, құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 16 млрд. 390 млн. 500 мыӊ теӊгені құрады.

2018 жылдыӊ 1 қаӊтар жағдайына жалпы көлемі 139 мыӊ 800 шаршы метр тұрғын үйлер іске қосылды, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 117% пайыз көрсеткішке жетіп, 20 мыӊ 400 шаршы метрге көбейді (01.01.2017ж - 119,4 ш.м.).2017 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 24 пәтерлік 12 үй, барлығы 288 пәтер құрылысы салынып, несиелік бағытта азаматтарға табысталуда. Бүгінде 113 отбасы осы бағдарлама бойынша қоныс тойларын жасап, пәтерлерге орналасты.

Биыл Батыр ауылында 4 пәтерлік 40 үйдіӊ құрылысы басталып, оныӊ 64 пәтерден құралған 16 үйі және барлығы 192 пәтерден құралған 8 тұрғын үй 2018 жылдыӊ сәуір айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 2018 жылы наурыз айында Батыр ауылдық округіндегі Емір шағынауданынан 4 пәтерлі 24 тұрғын үйдіӊ барлығы 96 пәтерді құрайтын құрылыс жұмыстары басталады.

Облыс әкімініӊ тапсырмасына сәйкес ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемін 1 млрд. 455 млн. теӊге көлемінде орындау міндеті жүктелген.Қазіргі таӊда аталған тапсырма 1 млрд. 648,6 млн. теӊгеге орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 117,3 пайызды құрады.

"2017 жылдан бастап ауданда "Экзотикалық құстар әлемі" құс фабрикасы жұмыс істейді. Мұнда үйрек, қаз, түйеқұс, бөдене, күрке тауық, қырғауыл фазан және павлин сияқты 5000-ға жуық құс өсіріледі. Мұнайлы ауданыныӊ 10 жылдық мерейтойы аясында Маӊғыстау ауылында 6 000 тонна ұн сақтайтын астық қоймасы бар "Асқар" ұн-жарма өӊдейтін өндірістік комбинаты іске қосылды.Ұн комбинаты қазірде тәулігіне 120 тонна жоғары, бірінші сұрыпты ұн және 30 тонна кебек дайындап, сауда-саттыққа шығаруда. Осы жылдыӊ наурыз айында "Мұнайлы" сауда маркасымен ұн шығаруды бастайды", - деді Мұнайлы ауданыныӊ әкімі Нұрлан Тәжібаев.

Жергілікті бюджетке түскен салықтық және салықтық емес түсімдер - 5 567 млн.теӊгені құрады (01.01.2017ж. - 4 228 млн.теӊге). Яғни өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 1 339 млн.теӊгеге немесе 131,7%-ғаартық орындалды.

2017 жылдыӊ 1 желтоқсанында барлық экономикалық қызмет түрі бойынша жұмысшыларыныӊ орташа жалақысы 140 260 теӊгені құрап, 2016 жылдыӊ есепті кезеӊімен салыстырғанда 14 026 теӊгеге өсті (01.12.2016 ж - 126 234 теӊге).

Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжановтыӊ тапсырмасы бойынша 2017 жылы ауданда 2100 жұмыс орнын ашу міндеттелген. Жыл бойы 2895 жұмыс орны құрылып, 2016 жылмен салыстырғанда 667 жұмыс орнына көбейді. Оныӊ ішінде: 1387 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

2017 жылы 499 орындық 7 жекеменшік балабақша ашылды.Маӊғыстау-2 тұрғын үй аумағынан мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағытында 140 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде. Осындай 140 орындық 2 балабақшаны мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағытында Маӊғыстау-3, Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивтерінен салу жоспарланып отыр. 2 жекеменшік "Көӊілімқос", "Мұхаммед" денсаулық ұйымдары іске қосылып, бүгінде "Мұхаммед" жекеменшік денсаулық клиникасы Басқұдық ауылыныӊ 10 000 тұрғынын мекенжай тіркеліміне тіркеп мемлекеттік тапсырыспен тұрғындарға сапалы дәрігерлік қызметтерін көрсетуді бастады.

Денсаулық сақтау саласында 2017 жылы 1 - жасқа дейінгі сәби өлімі 8 промильді құрады (01.01.2017 ж.- 10,4 промиль). Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,4 промильге төмендеді. 2017 жылы денсаулық сақтау саласында ана өлімі тіркелген жоқ. Өкпе ауруына шалдыққандар 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 2018 жылдыӊ 1 қаӊтар жағдайына 58,5 промильді құрап (01.01.2017ж. - 68,5 промиль), өткен жылмен салыстырғанда 6 промильге азайды. Қазіргі уақытта аудандағы өзекті мәселелердіӊ бірі ауылдарды ауылішілік жолмен қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде қоғамдық көліктердіӊ, тұрғындардыӊ жүріп тұруына қолайлы жағдай туғызатыны анық. Осы мәселелерді шешу бағытында, 2017 жылы Баянды ауылында 3 шақырым, Атамекен ауылында 2,4 шақырым, Қызылтөбе -2 елді мекенінде 5,5 шақырым, Қызылтөбе-2 - Жаӊа Дәулет елді мекендеріне 7,8 шақырым, Маӊғыстау-3, 4 елді мекендеріне 4,2 шақырым, аудандық маӊыздағы Жаӊаөзен-Құрық автожолыныӊ аралығына 6 шақырым барлығы 27 шақырым асфальт жолы төселді.

"Облыс әкімі Ералы Тоғжановтыӊ Мұнайлы ауданыныӊ әкімдігіне жүктеген 160 хаттамалық тапсырмасыныӊ 114-і толықтай орындалды. Қалған 46 тапсырманыӊ 22-сі 2018 жылы іске асырылады, 24 тапсырма тұрақты бақылауға алынды", - деді аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны