10.02.2017, 21:02 15984

2017 жылы "Серпін" бағдарламасына 85 млрд теӊге бөлінген

Қазіргі уақытта оӊтүстік өӊірлерден солтүстікке қоныстану бойынша бағдарлама қолға алынды. Алғашқы жұмыстар басталып та кетті. Еӊ біріншіден, Білім және ғылым министрлігініӊ "Серпін" бағдарламасы аясында солтүстік облыстарға студенттер келуде.

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік халқын солтүстікке қоныстандыру бағдарламасына 2017 жылы 85 млрд. теӊге бөлінген, деп хабарлады Kazakhstan Today.

Бұл туралы бүгін Астанада "Корпоративтік секторда әйелдердіӊ мүмкіндігін кеӊейту" атты халықаралық форумда ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

"Қазіргі уақытта оӊтүстік өӊірлерден солтүстікке қоныстану бойынша бағдарлама қолға алынды. Алғашқы жұмыстар басталып та кетті. Еӊ біріншіден, Білім және ғылым министрлігініӊ "Серпін" бағдарламасы аясында солтүстік облыстарға студенттер келуде. Біздіӊ бағдарлама бойынша да бұл жұмыс жалғасын табады. Биылдыӊ өзінде бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен 45 млрд теӊге, жергілікті бюджеттерден - 40 млрд. теӊге қарастырылған. Яғни, 85 млрд. теӊге осы бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінуде", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны