26.10.2016, 15:14 4019

2017 жылы Шымкентте 600 орындық мектепті пайдалануға беру жоспарланған

Нысандардыӊ басым бөлігі Сайрам, Шымкент, Мақтаарал және Қазығұрт аудандарынан бой көтеруде.

Шымкент. 26 қазан. Kazakhstan Today - 2017 жылы Шымкентте 600 орындық мектепті пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Шымкентте 1200 орындық мектептіӊ құрылысы жүруде.

Айта кету керек, облыс бойынша 63 мектептіӊ іргетасы қалануда. Оныӊ 37-і бүгінгі күнге дейін пайдалануға берілсе, жыл соӊына дейін тағы да бірқатар нысандар ел игіліне тапсырылады деп күтілуде. Нысандардыӊ басым бөлігі Сайрам, Шымкент, Мақтаарал және Қазығұрт аудандарынан бой көтеруде.

Ал "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оӊтүстік Қазақстан облысында бес мектептіӊ құрылысы жүруде. Оныӊ төртеуі 1200 орындық білім ошағы болса, біреуі 600 балаға шақталған мектеп болып табылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Нұрлы жол" Қазақстанда жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудіӊ басты ынталандырмасына айналды

"Нұрлы жол" бағдарламасы әлемдік экономиканыӊ өсуініӊ бәсеӊдеуі және экспорттық тауарларға бағалардыӊ төмендеуі жағдайларында іскерлік белсенділікті қолдаудыӊ және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудіӊ басты ынталандырмасына айналды, деді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы тиімді инфрақұрылым жасау негізінде еліміздіӊ макроөӊірлерін ықпалдастыру жолымен бірыӊғай экономикалық нарық қалыптастыруға бағытталған. Еліміздіӊ 6 макроөӊірі (Оӊтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Солтүстік, Алматы және Астана қалалары) анықталып, Алматы, Астаны, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалалары ұлттық және халықаралық деӊгейдегі қалалар ретінде таӊдалды", - деп мәлімдеді министр ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарыныӊ қатысуымен өткен "Нұр Отан" партиясы фракциясыныӊ кеӊейтілген жиналысы барысында.

Оныӊ айтуы бойынша, осы қалалар макроөӊірлердіӊ экономикалық белсенділігініӊ, капитал, ресурстар, озық технологиялар мен көрсетілетін қызметтер шоғырланатын орталықтарға айналады.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды, тұрғын үй құрылысын дамыту және ТКШ жаӊарту арқылы осы процеске ықпал етеді", - деп атап өтті министр.

"Сәулелік" қағидат бойынша тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылым жасау мақсатында, коммуникациялардыӊ барлық түрлері Астанадан басқа макроөӊірлерге бағытталатын болады. Ол үшін мынадай жобаларды іске асыру жоспарланған: Орталық - Оӊтүстік, Орталық - Шығыс, Орталық - Батыс, Батыс Еуропа - Батыс Қытай және басқа көлік жолы жобалары.

"Мемлекеттік бағдарламада "Құрық" портында теміржол желілерініӊ және паромдық өткелдердіӊ құрылысы көзделген, бұл Қазақстан арқылы Иран, Қытай, Ресей және ЕО елдері бағытында транзиттіӊ өсуіне ықпал етеді", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысыныӊ "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаӊа экономикалық саясатты іске асыру үшін "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Ол әлемдік экономиканыӊ өсуініӊ бәсеӊдеуі және экспорттық тауарларға бағалардыӊ төмендеуі жағдайларында іскерлік белсенділікті қолдаудыӊ және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудіӊ басты ынталандырмасына айналды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны