10.01.2018, 23:17 6211

2018 жылдыӊ 1-қаӊтарынан бастап Қазақстанда жаӊа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі

Бұл жәрдемақы жұмыспен қамтуды белсенді ынталандыру шаралары бойынша еӊбекке қабілетті отбасы мүшелерініӊ міндетті түрде қатысуын ескере отырып, жан басына шаққандағы орташа табысы еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 50% -нан төмен отбасыларына беріледі.

Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today -2018 жылдыӊ 1-қаӊтарынан бастап Қазақстанда жаӊа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бұл жәрдемақы жұмыспен қамтуды белсенді ынталандыру шаралары бойынша еӊбекке қабілетті отбасы мүшелерініӊ міндетті түрде қатысуын ескере отырып, жан басына шаққандағы орташа табысы еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 50% -нан төмен отбасыларына беріледі.

Негізгі өзгеріс - аз қамтылған азаматтарға немесе отбасыларға мақсатты әлеуметтік көмек көрсету. Атаулы әлеуметтік көмек -қолданыста болған көпбалалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, осы 3 әлеуметтік төлемнен асатынбірыӊғай жәрдемақыға біріктіріледі.

Айта кетейік, 2014 жылдан бастап "Өрлеу" пилотты жобасы іске асырылды. 2017 жылы оныӊ қатысушылары 175 мыӊнан астам адамға жетті, олардыӊ 92% -дан астамы еӊбекке жарамды немесе 34 мыӊнан астам адам белсенді жұмысқа тартылды.

Жоба еӊбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамтудыӊ белсенді шараларына тартуды және жаӊа үлгідегі АИК-ке көшуді қамтамасыз етті.

Ал, биылғы жылы жаӊа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны шамамен 350 мыӊ отбасына дейін жетеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны