02.02.2018, 14:13 7730

2018 жылға 148 дәрі-дәрмек бойынша өнім берушілерді бағаны арзандату аукционы анықтайды

Тендерге барлығы 488 дәрі-дәрмек атауы жарияланды.Бүгінгі аукцион барысында ойнатылатын 148 дәрі-дәрмек атауына қосымша, тағы 224 атау бойынша бір өнім беруші өтінім берген немесе отандық өндіруші ретінде артықшылық алған болсасатып алу жүргізіледі.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Бірыӊғай дистрибьютор тоғыз айлық қажеттілікті қамтамасыз ету үшін сатып алу шеӊберінде бүгін дәрі-дәрмекті сатып алу тендерініӊ соӊғы кезеӊі бағаны арзандату аукционын өткізеді. 2018 жылдыӊ тоғыз айы бойына қазақстандықтарға дәрі-дәрмекті жеткізу құқығына аукцион барысында 16 әлеуетті өнім беруші күреседі.

Алдын ала есептеулер бойынша 2 күнге созылатын аукцион, тендерлік рәсімдердіӊ барлық қалған сатылары сияқты онлайн таратылады.

Оныӊ нәтижелері бойынша 2018 жылдыӊ сәуір айымен желтоқсан айына дейін пациенттерге жеткізілетін тек саудалық атаулар мен өнім берушілер ғана емес, сондай-ақ медициналық ұйымдарға қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға бағытталатын бюджет қаражатынан үнемдеу анықталады. Тендерге барлығы 488 дәрі-дәрмек атауы жарияланды.Бүгінгі аукцион барысында ойнатылатын 148 дәрі-дәрмек атауына қосымша, тағы 224 атау бойынша бір өнім беруші өтінім берген немесе отандық өндіруші ретінде артықшылық алған болсасатып алу жүргізіледі. Сатып алу қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкес тендер жеӊімпаздары ағымдағы жылдыӊ наурызынан бастап Бірыӊғай дистрибьютор қоймаларына препараттарды жеткізуді бастайды, ал сәуір айында сатып алынған дәрі-дәрмек еліміздіӊ медициналық ұйымдарына жеткізіледі.

Дегенмен, халықтыӊ жыл сайынғыдәрі-дәрмектерге сұранысын қамтамасыз ету үшін 3 айға 998 дәрі-дәрмек атауы және медициналық бұйымдар сатып алынды, оныӊ ішінде 608 атау жыл бойына сатып алынды. Бірыӊғай дистрибьютор 2018 жылға сатып алатын дәрі-дәрмек тізімінде барлығы 1192 атау. Бұл амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеӊберінде әр түрлі аурулармен (барлығы - 49 ауру) диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін және стационарда ем қабылдайтын пациенттер үшін дәрі-дәрмектер. 2018 жылдыӊ бірінші тоқсанында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 84% атау сатып алынды, оныӊ ішінде 77% перепарат Бірыӊғай дистрибьютордыӊ қоймасында түсті. Бірыӊғай дистрибьютордыӊ қоймасында бар препараттар медициналық ұйымдардан өтінім түскен сәтте, тапсырыс берушілерге бірден жөнелтіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны