01.07.2014, 20:48 3310

2018 жылға дейін барлық теміржол маршруттары мүгедектерге арналған вагондармен қамтамасыз етіледі- ККМ

2018 жылға дейін барлық теміржол маршруттарын мүгедектерге арналған арнайы вагондармен қамтамасыз етеміз, деді Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек "Нұр Отанның" "Кедергісіз келешек" жобасының аралық қорытындыларына арналған отырыста.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. 2018 жылға дейін барлық теміржол маршруттарын мүгедектерге арналған арнайы вагондармен қамтамасыз етеміз, деді Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек "Нұр Отанның" "Кедергісіз келешек" жобасының аралық қорытындыларына арналған отырыста.

Оның айтуынша, былтырғы жылдан бері министрлік мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырып жатыр. Яғни, жеңілдіктер қарастырылып, арнайы тарифтер енгізілген. Оның ішінде, жұмысқа алу мәселесі де бар, деп "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, ол, бүгінде 74 вокзал мен 39 станцияда арнайы билет кассаларының бар екендігіне тоқталды. Бұдан бөлек, мұның өте болмашы шаралар екендігін түсіне отырып, 2018 жылға дейін "Қазақстан Темір Жолы" өзінің инвестициялық бағдарламасының аясында бұл ғимараттардың барлығын талаптарға сәйкестендірмек.

"Бүгінде 12 маршрутта арбаларды көтеруге арналған механикалық құрылғылар бар, мүгедектердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін тамбурлер бар 22 вагон қолданылуда. Алайда, бұл алтыдан бір бөлігі ғана. Ағымдағы жылы тағы да 7 вагон алдық. 2018 жылға дейін барлық теміржол маршруттарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы вагондарды айналымға қосу жоспарлануда", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны