02.04.2018, 16:32 4690

2018 жылғы 1 тоқсанда еліміздіӊ медициналық ұйымдарына 22,3 млрд. теӊгеге тегін дәрі-дәрмектер жөнелтілді

Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар дәрілік заттарды сатып алу мәселесі бұрынғыдай проблема туындатып отыр. Мұндай дәрілік заттарды сатып алу ҚР Үкіметініӊ 2018 жылға арналған Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға мемлекеттік квотаны бекітуіне тікелей тәуелді екенін атап өту қажет

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Амбулаториялық деӊгейде тегін дәрілермен қамтамасыз ету үшін елімізде 404 медициналық ұйымға дәрілер мен медициналық бұйымдар келіп түсті.

Сегіз аймақта - БҚО, ОҚО, Қостанай, Жамбыл, Ақмола, Маӊғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарындадәрілік заттарды есепке алу және өткізу қызметтері сатып алынған жеке меншік дәріханалық желілер арқылы, ал қалған сегіз - Алматы, Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ ШҚО және СҚО-да дәрілер емханалардағы дәріханалар арқылы босатылады. Бұл аймақтарда дәрілерді есепке алу және өткізу қызметтерін сатып алуға үнемделген ақша қаражаты қосымша дәрі-дәрмектер сатып алуға бағытталатын болады.

Қазіргі уақытта еӊ көп дәрілер Алматы қаласына және Қарағанды облысына келіп түсті - 2,3 млрд. теӊгеден. 1,9 млрд. теӊгеден сәл асатын сомаға дәрілер ШҚО-ға және бұл сомадан сәл аз сомаға Астанаға келіп түсті. Үш айда 1,9 млрд. теӊге сомасына дәрімен қамтамасыз етілген Алматы облысы еӊ көп дәрі көлемін алған аймақтардыӊ қатарында.

Ағымдағы жағдай бойынша қазақстандықтарды амбулаториялық деӊгейде дәрімен қамтамасыз ету үшін тізімдегі 494 дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ 430 атауы сатып алынды. Жалпы, Бірыӊғай дистрибьютордыӊ тізімі бойынша амбулаториялық және стационарлық деӊгейде дәрімен қамтамасыз ету үшін 1040 атауы сатып алынған, ол жалпы қажеттіліктіӊ 95%-ын құрайды. Сатып алынбаған препараттар бойынша тендер жарияланып, өтінімдері бар конверттерді ашу 28 наурызда өткізілді, сәуірде қорытындысы шығарылады.

Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар дәрілік заттарды сатып алу мәселесі бұрынғыдай проблема туындатып отыр. Мұндай дәрілік заттарды сатып алу ҚР Үкіметініӊ 2018 жылға арналған Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға мемлекеттік квотаны бекітуіне тікелей тәуелді екенін атап өту қажет. Мемлекеттік квота - оныӊ шегінде Қазақстан Республикасыныӊ халықаралық шарттарына сәйкес лицензиялары бар заӊды тұлғалар олардыӊ айналымы жүзеге асыратын қажеттіліктіӊ есебі. ҚР ІІМ деректеріне сәйкес, 2018 жылға арналған есірткі құралдарына мемлекеттік квотаны бекіту жөніндегі қаулыныӊ жобасы 2018 жылғы 20 наурызда ҚР Үкіметіне енгізілген.

Құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттар бар дәрілік заттарды Бірыӊғай дистрибьютор жеткізуді, сақтауды, есепке алуды және өткізуді қамтитын фармацевтикалық қызмет арқылы сатып алады. Бұл қызметті көрсету үшін әлеуетті өнім берушілерге арнайы лицензияныӊ, дәрілік заттарды ерекше сақтау, тасымалдау және босату жағдайларыныӊ болуы секілді айрықша талаптар қойылады. Илеуетті өнім берушілердіӊ бәрі бірдей бұл талаптарға сәйкес келе бермейді, Бірыӊғай дистрибьютор қызметті сатып алуға арналған рәсімдерді тоғыз рет жариялады. Қазіргі уақытта фармацевтикалық қызмет 8 аймақта сатып алынды.

СК Фармация баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны