02.02.2018, 13:46 7337

2018 жылғы 25 наурызда шығып қалған мәслихат депутаттарыныӊ орнына сайлау өтеді

2018 жылғы 25 қаӊтарда Қазақстанда шығып қалған мәслихат депутаттарыныӊ орнына кандидаттарды ұсыну басталды. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 25 ақпанға дейін жалғасады.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан Републикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заӊыныӊ 101-ші және 113-ші баптарына сәйкес 2018 жылғы 25 наурызда шығып қалған мәслихат депутаттарыныӊ орнына сайлау өтеді.

Сайлау науқаны Қазақстан Республикасыныӊ 68 округында өтеді. Ақмола облысы бойынша 3 депутат, Ақтөбе - 4, Алматы - 6, Атырау - 6, Шығыс Қазақстан - 2, Жамбыл - 3, Батыс Қазақстан - 4, Қарағанды - 9, Қостанай - 13, Қызылорда - 4, Манғыстау - 1, Павлодар - 5, Солтүстік Қазақстан - 3, Оӊтүстік Қазақстан облысы - 3, Алматы қаласы бойынша 2 депутат сайланады. Астана қаласында бос округтердіӊ болмауына байланысты депутаттарды сайлау өткізілмейді.

68 депутаттыӊ 10-ы облыстық, 17-і қалалық және 41-і аудандық маслихаттарға сайланады.

Депутаттардыӊ өкілеттіліктерініӊ мерзімнен тыс тоқтатылуына келесі себептер негіз болған: тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен басқа тұрақты орынға кетуі; басқа жұмысқа ауысуы, жеке өтініші, депутаттыӊ өлімі және соттыӊ айыптау үкімініӊ заӊды күшіне енуі.

2018 жылғы 25 қаӊтарда Қазақстанда шығып қалған мәслихат депутаттарыныӊ орнына кандидаттарды ұсыну басталды. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 25 ақпанға дейін жалғасады.

Ағымдағы жылдыӊ 31 қаӊтарындағы ахуалға сәйкес, Алматы қаласыныӊ 2 сайлау округы бойынша 7 кандидат ұсынылған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ БАҚ-пен байланыс бөлімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны