04.09.2018, 16:33 4410

2018 жылғы 28 қазанда республиканыӊ 14 өӊірінде шығып қалған мәслихаттар депутаттарыныӊ орнына кезектен тыс сайлау өтеді

Кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 28 тамызда басталып, 27 қыркүйекке дейін өткізіледі. Кандидаттарды тіркеу 2018 жылғы 2 қазанда аяқталады.

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 3 қыркүйекте Б.Имашевтіӊ төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы өтті.

Ортсайлауком мүшелері мәслихаттардыӊ шығып қалған депутаттарыныӊ орнына алдағы сайлау жөніндегі мәселені қарастырды.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊныӊ 101 және 113-баптарына сәйкес шығып қалған мәслихаттар депутаттарыныӊ орнына кезектен тыс сайлау жылына екі рет наурыздыӊ және (немесе) қазанныӊ соӊғы жексенбісінде өткізіледі. Осыған орай 2018 жылғы 28 қазанда республиканыӊ 14 өӊірінде сайлау өтеді.

Республика бойынша тұтас алғанда 83 бос округ құрылды, соныӊ ішінде:

облыстық мәслихаттарға - 12,

қалалық мәслихаттарға - 9,

аудандық мәслихаттарға - 62.

2018 жылғы қазандағы сайлау науқанына депутаттардыӊ өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудыӊ негізгі себептері:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктіӊ шекарасынан тыс тұрақты тұруға кету - 31;

2) мемлекеттік қызметке қабылдау - 26;

3) отставка туралы жеке өтiнiшi - 16 (соныӊ ішінде денсаулығына байланысты - 5);

4) депутаттыӊ қайтыс болуы - 5;

5) облыстық мәслихат депутаты болып сайлануы - 3;

6) Қазақстан Республикасыныӊ азаматтығын тоқтатуы - 2.

Мәслихаттар депутаттарыныӊ өкілеттігі келесі лауазымдарға сайлауына немесе тағайындалуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды:

аудан әкімі, аудан әкімініӊ орынбасары - 3 адам;

облыстық (аудандық) маӊызы бар қала әкімі, әкімніӊ орынбасары - 4 адам;

ауылдық округ әкімі - 4 адам.

Облыстық және аудандық денгейдегі жергілікті атқарушы органдардыӊ мамандары болып тағы 14 мәслихат депутаты тағайындалып, 3 аудандық мәслихат депутаты облыстық мәслихат депутаттары болып сайланды.

Кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 28 тамызда басталып, 27 қыркүйекке дейін өткізіледі. Кандидаттарды тіркеу 2018 жылғы 2 қазанда аяқталады.

Отырыс барысында сонымен бірге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ "2018 жылғы 5 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентініӊ Сенаты депутаттарыныӊ сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттығына кандидаттыӊ республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарыныӊ мөлшерлерін белгілеу туралы" Қаулысы қабылданды.

Шығыстар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заӊыныӊ 28-бабыныӊ 3-тармағына, 33-бабыныӊ 2-тармағына сәйкес, "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасыныӊ заӊына сәйкес әзірленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны