19.09.2018, 17:05 5438

2018 жылғы 5 қазанда Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын сайлау болады

Шымкент қаласыныӊ аумақтық сайлау комиссиясыныӊ деректері бойынша барлығы 9 кандидат ұсынылды.ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттығына 8 кандидат тіркелді. Тіркелген кандидаттардыӊ сайлау алдындағы үгіті а.ж. 15 қыркүйекте басталып, 4 қазан күнгі 00-00 сағатқа дейін өткізіледі.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 17 қыркүйекте Б. Имашевтыӊ төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы болды.

ОСК мүшелері Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындыларын қарады.

Ортсайлауком бекіткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардыӊ күнтізбелік жоспарына сай кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 11 тамыздан бастап 4 қыркүйек аралығындағы кезеӊде болды. Кандидаттарды тіркеу 14 қыркүйекте аяқталды.

Шымкент қаласыныӊ аумақтық сайлау комиссиясыныӊ деректері бойынша барлығы 9 кандидат ұсынылды. Оныӊ ішінде 2 адамды Шымкент қаласыныӊ мәслихаты ұсынды, 7 - өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттығына 8 кандидат тіркелді. Тіркелген кандидаттардыӊ сайлау алдындағы үгіті а.ж. 15 қыркүйекте басталып, 4 қазан күнгі 00-00 сағатқа дейін өткізіледі.

Жалпы сайлау науқаны Қазақстан Республикасыныӊ сайлау заӊнамасына сәйкес өтуде.

Отырыс барысында ОСК мүшелері сондай-ақ а.ж. 5 қазанда ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын сайлауды электрондық сүйемелдеу үшін Ортсайлаукомныӊ интернет-ресурсы функционалын пайдалану туралы мәселені қарады.

Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығына сай 2018 жылғы 5 қазанда Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын сайлау болатынын естеріӊізге саламыз. Сайлау Парламент Сенаты депутаттарыныӊ екі мандаты бойынша бір мезгілде өткізілетін болады. Шымкент қаласынан сайланатын Парламент Сенаты депутаттарыныӊ өкілеттік мерзімі 2014 және 2017 жылдары республиканыӊ басқа өӊірлерінен сайланған Сенат депутаттарыныӊ өкілеттік мерзіміне сәйкес келетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны