29.01.2016, 13:05 4173

2018 жылы Қазақстан нарығы отандық мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілуі тиіс - Н.Назарбаев

"2018 жылы біздіӊ отандық нарықты отандық мұнай өнімдері бензинмен, дизель отынымен, авиакеросинмен және газбен толық қамтамасыз етуді тапсырдым. Барлық мүмкіншіліктер бар және біз осы бағытта жұмыс істеудеміз", - деді ол "Нұр Отан" партиясыныӊ кезектен тыс ХVII партиясында сөйлеген сөзінде

Астана. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылы Қазақстан нарығы отандық мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілуі тиіс, деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2018 жылы біздіӊ отандық нарықты отандық мұнай өнімдері бензинмен, дизель отынымен, авиакеросинмен және газбен толық қамтамасыз етуді тапсырдым. Барлық мүмкіншіліктер бар және біз осы бағытта жұмыс істеудеміз", - деді ол "Нұр Отан" партиясыныӊ кезектен тыс ХVII партиясында сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Елбасы еске салып өткендей, ірі кен орны Қашағаннан коммерциялық мұнай өндіру басталады деп күтілуде. Бұдан өзге, оныӊ айтуынша, "Қара теӊіз арқылы мұнай экспорттау үшін Каспий құбыры консорциумын кеӊейту қажет".

"Біздіӊ Теӊізшевройды кеӊейту де қосымша өндірілген көлемді береді. Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырыныӊ құрылысы аяқталады", - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Н.Назарбаеы мұнай-газ секторыныӊ бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша шараларды қабылдау маӊызды екенін баса айтты.

"Біз"мұнай-газ секторы - еӊ бай, барлығы да сонда жұмыс істеуі керек, міндетті түрде соған ілігу керек" дейміз. Қазір ол жаққа ілігудіӊ қажеті жоқ. Ол жақта басқаларға қарағанда жағдай жаман. Аграршылардыӊ жағдайы жақсы. Қараӊыздаршы, өткен жылы мұнайдыӊ баррелі 135 доллар болса, қазір 30-ға де жетпейді. Демек, төрт есе кеміген. Сәйкесінше, айлық та төмен болып отыр", - деді Елбасы.

Сондықтан Мемлекет басшысы шағын және орта бизнеспен айналысуға кеӊес бере келе, мұнай-газ саласындағы еӊбек өнімділігін арттыру қажеттігіне баса назар аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны