08.01.2018, 14:02 4361

2018 жылы қазақстандықтарға 600 жеке меншік клиника тегін медициналық көмек көрсетпек

Қаӊтар айындағы деректерге сүйенсек, 2018 жылы медициналық қызметтерді бөліп беру жөніндегі аймақтық және республикалық комиссиялар өтініш берген 1385 ұйымды заӊ талаптарына сай деп танып, олармен келісімшарт бекіту туралы шешім қабылдады.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today -2018 жылы қазақстандықтарға 600 жеке меншік клиника тегін медициналық көмек көрсетпек.

Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакеті шеӊберінде қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарымен келісімшарт бекітуді аяқтады.

(ТМККК-не кіретін қызмет түрлерініӊ нақты тізімі: https://fms.kz/sites/default/files/basic_page_files/gobmp.pdf).

Еӊ алдымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел медициналық көмек және өзге де бағыттар бойынша көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекітілді. Қаӊтар айындағы деректерге сүйенсек, 2018 жылы медициналық қызметтерді бөліп беру жөніндегі аймақтық және республикалық комиссиялар өтініш берген 1385 ұйымды заӊ талаптарына сай деп танып, олармен келісімшарт бекіту туралы шешім қабылдады. Комиссиялар құрамында "Атамекен" ҰКП, Денсаулық сақтау министрлігі және өзге қоғамдық ұйымдардыӊ өкілдері бар.

5 қаӊтарда ТМККК орналастыру жөнінде 673 млрд теӊгеге келісімшарт бекітілген. Бұл республика бюджетінен биылғы жылы тегін медициналық көмек көрсетуге деп бөлінген қаржыныӊ 80 пайызы.

Қалған қаражат Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігініӊ денсаулық саласыныӊ басымдық берілген бағыттарын дамыту, барлық жерде пациенттерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін, азаматтардыӊ емдеу мекемесін таӊдау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді ескере отырып бөлінеді. 2018 жылы мемлекеттік тапсырыс шеӊберінде қазақстандықтарға 600-ге жуық жеке меншік клиника қызмет көрсетпек. Бұл Қордыӊ жеткізушілер базасына енген медицина ұйымдарыныӊ 43 пайызы. Осылайша, жеке меншік клиникалардыӊ саны 2017 жылмен салыстырғанда 130-ға артып отыр. Ал, жеке клиникалармен бекітілген келісімшарт сомасы биыл 95 млрд теӊгені құрады. Бұл да алдыӊғы жылдардағы көрсеткіштен 2 есе көп.

Мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшынып отырған жеке меншік медицина ұйымдарыныӊ саны жағынан Оӊтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстары, сондай-ақ, Астана және Алматы қалалары көш бастап тұр.

Атап айтқанда, биыл Астана халқына 81 медицина ұйымы қызмет көрсетпек. Оныӊ 45-і жеке меншік клиникалар (келісімшарт сомасы 75,5 млрд теӊге).

Алматы қаласы бойынша келісімшарт бекітілген 171 медицина ұйымыныӊ 71-і жеке меншік. Оӊтүстік астана халқына кепілдендірілген көмек көрсететін жеке меншік клиникалар саны 42% артқан. Олармен бекітілген келісімшарт сомасы 80 млрд теӊгеден асып жығылды. Сонымен қатар, Алматыда жеке меншік клиникалар мемлекеттік тапсырыс бойынша емханалық-амбулаторлық көмек көрсетуге ерекше ниет білдірді. Мәселен, 2017 жылы қала бойынша 14 жеке меншік клиника меемлекеттік тапсырысты орындауға қатысқан болса (жалпы сомасы 859 млн теӊге), 2018 жылы емханалық-амбулаторлық көмек көрсететін жеке меншік клиникалар саны 27-ге жетті. Олар жалпы сомасы 1,9 млрд теӊгеніӊ қызметін көрсетпек. Оған қоса, Алматыда консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін жеке меншік емдеу мекемелерініӊ саны да 2,5 есе артқан.

Сондай-ақ, жеке меншік клиникалар көрсететін медициналық қызмет түрлері де көбейді. Мәселен биыл Алматыда тұӊғыш рет онкологиялық көмек, жедел медициналық көмек пен патологоанатомиялық диагностика қызметін көрсететін жеке меншік клиникалар пайда болмақ, деп хабарлайды "Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны