23.12.2017, 16:16 5513

2018 жылы Наурызбай және Бостандық аудандарында екі жаӊа өрт сөндіретін бөлім салынатын болады

Алматыныӊ өрт сөндіруші бөлімшелері жергілікті бюджет қаржысы есебінен сатып алынған жаӊа арнайы техникалармен толықты. Төтенше жағдайлар Департаменті гарнизонына үш "АЛ-32" автосатылар, тез жүретін сегіз автомобиль және төрт өрт автоцистерналар бірлігі және басқа да техникалар берілді.

Алматы. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today -Алматылық өрт сөндірушілер жаӊа арнайы техника алды.

Алматыныӊ өрт сөндіруші бөлімшелері жергілікті бюджет қаржысы есебінен сатып алынған жаӊа арнайы техникалармен толықты. Төтенше жағдайлар Департаменті гарнизонына үш "АЛ-32" автосатылар, тез жүретін сегіз автомобиль және төрт өрт автоцистерналар бірлігі және басқа да техникалар берілді.

Алатау ауданындағы №15 мамандандырылған өрт сөндіретін бөлімге барған Алматы әкіміне жаӊа техниканыӊ ерекше екендігі, яғни апатты - құтқару және арнайы қондырғылармен жабдықталғаны айтылды. Мысалы, "АЛ-32" автосатылары көпқабатты ғимараттардағы өртті сөндіруге, адамдарды сыртқа шығаруға, ал жол таӊдамайтын автоцистерналар таулы жерлер мен бау- бақ массивтеріндегі өртті сөндіруге арналған. Тез жүретін "Тойота Хайлюкс" автомобильдері шағындығына қарай автокептелістерден жылдам өтіп, өрт болған жерге негізгі күш келгенше бұрын жетеді. Олар судыӊ аз болуына қарамастан өрттіӊ алдын алуға барынша ықпал етеді.

"Алматы-2020" бағдарламасыныӊ басты тұжырымдарыныӊ бірі- еліміздіӊ еӊ ірі мегаполисінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Біз материалдық-техникалық жабдықтауға ерекше мән бердік - қозғалмалы состав жаӊарды, жаӊа озық технология енгізілді. Дегенмен, Төтенше жағдайлар Департаментініӊ басты байлығы-оныӊ жеке құрамы. Сіздердіӊ жұмыстарыӊыз қауіпке толы болғанымен, барынша жауапты және маӊызды. Біз бұдан былай да көмектесіп, қолдайтын боламыз, төтенше жағдайлардыӊ алдын алуға және оларды болдырмауға жете назар аударамыз, қала тұрғындары үшін Алматыныӊ барынша қауіпсіз болуын қамтамасыз етеміз", - деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментініӊ басшысы Серік Иубәкіров бұрындары Қазақстанда алғаш рет алматылық өрт сөндірушілер үшін арнайы мотоцикльдердіӊ алынғанын айтты. Тез қимылдайтын жүйелердіӊ іске қосылуы арқасында 7 айдыӊ ішінде 69 өрт сөндірілді, оныӊ 9 автотранспортта болған, мотоциклистер 2 адам өмірін сақтап қалды.

Ол Алматы қаласы әкімініӊ бастамасы бойынша таяу жылдары сел апатыныӊ алдын алу үшін үш қауіпті шатқалға 2 плотина орнатылатынын, бір плотинаныӊ қайта жасалатынын жеткізді. Қарғалы өзені жағалауын нығайту мәселесі шешілді. Сонымен қатар, Алматыда тұӊғыш рет сел қауіпсіздігініӊ автоматтандырылған мониторингі енгізіледі. Өнімділігі жоғары насостар 9 қауіпті өзен суын бір мезетте тартуға мүмкіндік берді.

Бұлардан өзге, №6 моренді көлдіӊ суын азайтудыӊ инженерлік шешімі қаржымен бекітілді, соныӊ арқасында көл суын 310 мыӊ текше метрден 140 мыӊ текше метрге дейін төмендетуге мүмкіндік туды.Енді мұнда су бұрынғыдай толмайды, осыған ұқсас жұмыс Бис13 көлінде де жүзеге асты, мұнда судыӊ көлемі 182 мыӊнан 38 мыӊ текше метрге азайды..

Белгілі болғаны, келер жылы Наурызбай және Бостандық аудандарында бөлінген жерлерге екі жаӊа өрт сөндіретін бөлім салынатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны