20.05.2019, 16:20 11521

2018 жылы Қазақстанда пилоттық режимде Мемлекеттік қызметшілердің жаңа еңбекақы төлеу жүйесі енгізілді

Мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін арттыру және уәждемелеудің жаңа шарттары

Нұр-Сұлтан. 20 мамыр. Kazakhstan Today - 2018 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде және оның аймақтық департаменттерінде пилоттық режимде факторлы-баллдық шкала мен бонус ретіндегі өзгермелі бөліктен тұратын жаңа еңбекақы төлеу жүйесі енгізілді.

Оның басты мақсаты - еңбекақы төлеудегі теңгермешіліктен бас тарту және мемлекеттік қызметшілерді материалдық тұрғыда уәждемелеудің әлдеқайда тиімді тетігін құру, мемлекеттік сектордағы менеджменттің заманауи құралдарын енгізуболып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің өткен жылғы жұмысын бағалаудың қорытындысы "өте жақсы" және "тиімді" нәтижелерді көрсетті. Төленгенбонустардың мөлшері олардың қызметін бағалау нәтижелеріне сәйкес келеді.

Жаңа еңбекақы жүйесін енгізудің арқасында мемлекеттік қызметшілерөздерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартты. Мысалға, тұтынушылық несиелерін жартылай жауып, автонесиелендіру арқылы автокөлік сатып алу үшін алғашқы жарна төлеп, тұрғын үй сатып алу үшінипотекалық несиелерді рәсімдеді.

Оған қоса, Департамент қызметкерлері ауыр науқас Райымбек Баймұханов есімді жасөспірімге материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұған дейін баланың туыстары әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көмек сұраған.

"Жаңа еңбекақы жүйесі мен жыл қорытындысы бойынша төленген бонустық төлемдер маған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатып алынған үйдің несиелік қарызының шамалыөтеуге мүмкіндік берді. Мен бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігін арттыру үшін және олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту үшін жасалып жатқан жағдайлар үшін қуаныштымын" -деп Департаменттің әкімшілік басқармасының бас маманы Людмила Алексеева айтып өтті.

"Өзінің "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласында Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев "… бүгінгі таңда ұлт өзінің бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып қана сәттілікке қол жеткізе алады..." деп атап өткен. Сол себепті жұмыс нәтижелерін бағалау және мемлекеттік секторда жаңа еңбекақы жүйесін енгізу сияқты инновациялық әдістерді енгізу еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға салмақты үлес қосатыны анық" - деп Департамент басшысы Берген Беспалинов атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны