07.11.2019, 18:16 7407

2019 жылғы 5-6 қараша аралығында Отанымыздың әр қиырындағы шекарашылар әр түрлі есірткі заттарын алып өтпек болған 7 әрекеттің жолын кесті

Сонымен қатар, Петропавл және Қорғас шекара жасақтарының учаскесінде "Қарақоға" және "Қорғас" ШЫХО" өткізу пункттерінде ҚР екі азаматы ұсталды. Автомобильдерін қарап-тексеру кезінде шағын калиберлі винтовка мен аң аулауға арналған қарудың 100-ден астам оқ-дәрілері табылды.

Нұр-Сұлтан. 7 қараша. Kazakhstan Today - Шекарашылар есіріткі заттарын алып өтпек болған 7, оқ-дәрілер алып өтудің 2 әрекеттерінің және $11 000 заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті.

2019 жылғы 5-6 қараша аралығында Отанымыздың әр қиырындағы шекарашылар әр түрлі есірткі заттарын алып өтпек болған 7 әрекеттің жолын кесті.

Сонымен, Мерке ЖБӨП учаскесіндегі "Сыпатай батыр" өткізу пунктінде, Сарығаш шекара жасағының "Жібек жолы" өткізу пунктінде, Ақтөбе шекара жасағының "Әлімбет" өткізу пунктінде, Петропавл шекара жасағының "Бидайық" және "Мамлютка" өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қордай шекара жасағының "Қордай" өткізу пунктінде қызметтік итті қолдана отырып, тексеру кезінде марихуанна, гашиш және синтетикалық есірткі тұзы салынған пакеттер табылған әр түрлі ұлттың 7 азаматы ұсталды. Барлық азаматтар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.

Сонымен қатар, Петропавл және Қорғас шекара жасақтарының учаскесінде "Қарақоға" және "Қорғас" ШЫХО" өткізу пункттерінде ҚР екі азаматы ұсталды. Автомобильдерін қарап-тексеру кезінде шағын калиберлі винтовка мен аң аулауға арналған қарудың 100-ден астам оқ-дәрілері табылды. Ұсталғандар аудандық полиция бөліміне тапсырылды.Сондай-ақ осы кезеңде Қорғас шекарашылары ШЫХО-да елімізден 11 544 АҚШ долларын заңсыз шығармақ болған азаматты ұстады. Қаражыттың иесі 1995 жылы туған ҚР азаматы "Алтынкөл" кедендің бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны