Система Orphus

2019 жылы Үкімет Парламент қарауына 32 заң жобасын енгізді

30.12.2019, 15:06 29998

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2019 жылы Үкімет Парламент қарауына 32 заң жобасын енгізді.

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жобасы туралы Үкімет отырысында әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасады.

М. Бекетаев атап өткендей, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары бекітілген кезде онымен 27 заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу көзделген болатын. Алайда, әзірлеуші органдардың ұсыныстары негізінде Жоспарға жыл ішінде енгізілген түзетулерді ескере отырып, онымен қазіргі уақытта 32 заң жобасын әзірлеу көзделеді. Олардың барлығы Парламент қарауына енгізілді.

"Оның ішінде 3 заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды, жиырма 9 заң жобасы Парламенттің қарауында", - деді министр.

Жыл ішінде Жоспарға 10 рет түзетулер енгізілді. Аталған түзетулермен 4 заң жобасы енгізілді, 12 заң жобасы бойынша мерзімдер ауыстырылды, бір заң жобасы екіге бөлінді.

М. Бекетаевтың айтуынша, заң жобасының тұжырамдамасын әзірлеу сатысында құқық қолдану тәжірибесіне сапасыз талдауды жүргізу, сондай-ақ әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тарапынан қажетті бақылаудың болмауы жоспарда белгіленген мерзімдердің бұзулуының негізгі себептері болып табылады.

Сонымен қатар, әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларының ережелерін мақсатты топтармен талқылау бойынша тиісті жұмысты жүргізбеген. Бұл факторлар 2019 жылға жоспарланған заң жобалардың мерзімдерінің жартысын ауыстыруға алып келді.

"Нәтижесінде, ІІ жартыжылдықта Парламентке 13 заң жобасы емес, 25 заң жобасы енгізілді, яғни бастапқыда жоспарланған санынан екі есе көп. Бұл әрине, Парламент депутаттары мен Президент Әкімшілігі тарапынан негізді сынға әкелді", - деді М. Бекетаев.

Заң жобалау мәселелері бойынша да бірнеше жиналыстар өткізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Әділет министрлігімен заң жобалау қызметіне бақылауды күшейтуге және заң шығармашылық жұмысының сапасын арттыруға бағыттылған бірқатар шешімдерге түзетулер әзірленді. Аталған түзетулер жоспарланған заң жобаның мерзімін ауыстырғаны немесе мерзімдерін бұзғаны үшін әзірлеуші-мемлекеттік органның жауапты тұлғаларының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бұл түзетулер барлық министрліктермен келісілді. Тиісті қаулы жобасы Премьер-Министр Кеңсесінің қарауында.

Бұған қоса, заңдарды әзірлеу, олар бойынша қоғамдық талқылау және қабылдау рәсімдерін жетілдіру мақсатында, Әділет министрлігі заң шығару процесін жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер топтамасын әзірледі. Тиісті заң жобасы Үкімет отырысында мақұлданды және жақында Парламент қарауына енгізілетін болады.

"Біздің пікірімізше, жоғарыда аталған ұстанымдар Үкіметтің заң жобалау жұмыстарын сапалы жоспарлауды, сондай-ақ Үкіметке және Парламентке заң жобаларын уақытылы енгізуге оң әсер етеді", - деді министр.

Сонымен қатар Марат Бекетаев Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспар жобасы туралы айтты.

Әділет министрлігі Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерімен бірлесіп Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспар жобасын әзірледі. Жоспар жобасы Президент тапсырмаларының және стратегиялық құжаттарда айқындалған міндеттер негізінде әзірленді.

Жоспар жобасы 17 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Әзірленетін заң жобалары түрлі салаларды одан әрі дамытуға бағытталған. Мысалы, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт, әскери қызмет және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары т.б.

Алдағы жылы "Ерекше тауарларды бақылау туралы", "Өсімдіктер әлемі туралы" және "Ардагерлер туралы" жаңа жекелеген заң жобаларын әзіреу көзделіп отыр.

Жоспар жобасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған бірқатар заң жобалары көзделген. Олар - мемлекеттік сатып алулар, дене шынықтыру және спорт, аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша заң жобалары.

Мысалы, мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу сатып алу рәсімдерін оңайлату және өткізу рәсімдерінде артық реттеуді жою нәтижесінде мемлекеттік сатып алуларды тиімді өткізуге ықпал ететін болады. Әзірленетін заң жобаладың ең көбі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиесілі, әрқайсысы 3 заң жобасынан әзірлейді.

Қаржы, ұлттық экономика, сыртқы істер, мәдениет және спорт, геология және табиғи ресурстар, министрліктері екі заң жобасынан әзірлейтін болады. Қорғаныс министрлігі бір заң жобасын әзірлейді.

Министр атап өткендей, заң жобаларын Парламентке ұсыну мерзімдері біркелкілік жағына қарай қайта қаралды.

Осылайша, Жоспар жобасында қарастырылған 17 заң жобасынан 2020 жылдың І жарты жылдығында Парламентке 8 заң жобасын, ал ІІ жарты жылдықта 9 заң жобасын енгізу көзделген.

Жоспар жобасы барлық мемлекеттік органдармен және Президент Әкімшілігімен келісілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны