Система Orphus

2020 жылғы 11 қаңтардан бастап шетелдік азаматтар ІІО-нда 30 күнге дейін тіркеуден босатылады

13.01.2020, 15:52 13366

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға Қазақстан Республикасында шетелдіктерді тіркеу тәртібіне өзгеріс енгізілгенін хабарлайды.

2020 жылғы 11 қаңтардан бастап шетелдік азаматтар ІІО-нда 30 күнге дейін тіркеуден босатылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі мемлекеттік шекарадан өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспауы керек, әр күнтізбелік 180 күннің ішінде 90 күнтізбелік күннен аспауы керек.

Шетел азаматы Қазақстанда 30 күннен артық тұрса, қабылдаушы тарап қонаққа уақытша тұруға рұқсат ресімдеуге міндетті.

Қабылдаушы тарап 3 жұмыс күні ішінде шетелдіктердің келгені туралы көші-қон қызметіне ХАБАРЛАУҒА (ХАБАРЛАМА) міндетті.

Хабарлама рәсімі www.vmp.gov.kz. виза және миграциялық порталы арқылы өткізуге болады.

Хабарлама болмаған жағдайда, қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады (ішкі істер органдарына шетелдіктер туралы уақтылы хабарлау бойынша шаралар қабылдамау).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны