24.06.2013, 15:09 3148

2020 жылға дейін кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы Үкіметке үстіміздегі жылдың тамызында енгізіледі

2013 жылдың тамызында 2020 жылға дейінгі кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы енгізіледі, деп хабарлады өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин ҚР Үкіметі отырысында.

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today - 2020 жылға дейін кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы Үкіметке үстіміздегі жылдың тамызында енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың тамызында 2020 жылға дейінгі кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы енгізіледі, деп хабарлады өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин ҚР Үкіметі отырысында.

"Президенттің тапсырмасын орындау үстіміздегі жылдың тамызында Үкіметке енгізілетін 2020 жылға дейінгі кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы аясында жүзеге асыру ұсынылды", - деді С.Нокин.

Вице-министр айтып кеткендей, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің статистикалық мәліметтерін талдау бойынша тексерулердің жалпы санын төмендетуді көрсетеді, сонымен бірге бизнеске көп жүктеме артатын жоспарлық тексерулер артуда, сондықтан "ҚР-да мемлекеттік бақылау және қадағалау" Заңына өзгертулер енгізу қажет.

"Қауіп деңгейі жоғары субъектілерді жоспарлық тексерудің толық қамтылуы, қалдықтық принцип бойынша қауіптің орташа деңгейі субъектілерін жоспарлау, қауіптің маңызды емес деңгейіндегі субъектілерге қатысты жоспарлық тексерулер өткізбеу және тексеру парағына талаптарды енгізу кезінде минималды жеткілікті принципті жүзеге асыру бөлігінде өзгертулер енгізу қажет", - деді ол.

Бұдан өзге, Серік Нокин жемқорлық көріністер, мемлекет бюджетінің шығынын қысқарту, бизнеске жүктемені азайту және мемлекеттік органдардың бақылау қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстарды айтып өтті.

Осылайша, өңірлік даму министрлігі мемлекеттік оргнадардың ведомстволық есептің жаңа формасын енгізуді, қауіптерді басқару жүйелерін автоматтандыруды, жоспардан тыс тексерулердің негіздерін оңтайландыруды, жоспардан тыс тексерулерді есептеуді және бақылаудың басқа формаларын енгізуді, оның ішінде салалық заңдарда бақылаудың басқа да формаларын өткізу тәртібін жариялауды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы үстіміздегі жылдың 23 қаңтарында шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты тексерулер санын оңтайландыру және азайту мақсатында бақылау органдары пайдаланатын қауіптерді басқару жүйелерін жетілдіру бойынша шаралар қолдануды тапсырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны