16.04.2009, 19:21 3332

2020 жылға дейінгі әлеуметтік- экономикалық даму стратегиясының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы табиғатты қорғау кешенін, мемлекеттік қызмет саласын, сыртқы саясат ведомствосы қызметін дамытуға байланысты ұсыныстарды қарады

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік- экономикалық даму стратегиясының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік- экономикалық даму стратегиясының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа ҚР президенті әкімшілігінің өкілдері, үкімет мүшелері және парламент мәжілісінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Жұмыс тобы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан -2030" ұзақ мерзімді даму стратегиясының аясында еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін құрылған.

Изірленіп жатқан жобада 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған ұзақ мерзімді басымдықтарды іске асыру жөніндегі шаралар болжанады.

Бүгін жұмыс тобының мүшелері табиғатты қорғау кешенін, мемлекеттік қызмет саласын, сондай-ақ, еліміздің сыртқы саясат ведомствосы қызметін стратегиялық дамытуға байланысты ұсыныстарды қарады.

Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының 2020-шы жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағыттары мен басымдықтарына қатысты ұсыныстар талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны