28.07.2015, 13:12 3537

2020 жылға қарай қазақ тілініӊ терминологиялық қоры 100% жаӊартылады - И.Қонысбай

2020 жылға қарай қазақ тілініӊ терминологиялық қоры 100%-ға жаӊартылуы тиіс, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетініӊ Ш.Шаяхметов атындағы Республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығыныӊ директоры Иби Қонысбай

Астана. 28 Шілде. Kazakhstan Today - 2020 жылға қарай қазақ тілініӊ терминологиялық қоры 100%-ға жаӊартылуы тиіс, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетініӊ Ш.Шаяхметов атындағы Республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығыныӊ директоры Иби Қонысбай, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Терминологиялық қорды жаӊа терминдермен жаӊарту тарихи тілдік мұраны қайта жөндеуге, сондай-ақ терминтану және терминография бойынша арнайы жұмыс жүргізуді талап етеді. Бұл көрсеткіш 2014 жылға қарай 20%-ға, 2017 жылға қарай - 60%-ға дейін, ал 2020 жылға қарай 100% деӊгейге дейін жеткізілуі тиіс", - деді И.Қонысбай, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, аталған жаӊарту әлемдік тәжірибені, туыстас тілдердіӊ моделін, халықаралық терминдер мен терминологиялық атауларды пайдаланумен, сондай-ақ БАҚ-дағы жаӊа бекітілген терминдерді пайдалану жиілігін тұрақты мониторингілеу арқылы өтуі тиіс.

Бұдан өзге, ол орталық "Терминдердіӊ Электрондық базасы" автоматтандырылған мәліметтер базасын құру бойынша ғылыми іс-тәжірибе зерттеулерін жүргізетінін айтып өтті.

"Порталдыӊ негізгі мақсаты - ғалым-лингвисттерге және саланыӊ мамандарына бірге жұмыс жасауға мүмкіндік беретін тұғырнаманы қамтамасыз ету, сондай-ақ аудиторияны қазақстандық терминологиялық қордыӊ жалпыға қолжетімді аудармаларымен, дефиницияларымен және этимологиясымен жылдам әрі сапалы қамтамасыз ету", - деп түсіндірді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны