16.06.2014, 19:48 4589

2020 жылға қарай қазақстандық түлектердің саны артады

"Жалпы, биыл ҰБТ ұйымдастыру жоғары дәрежеде өтті. Ал, тестілеуге қатысушылардың аздығы ол бірінші кезекте демографиялық ахуалмен байланысты. 2014 жылы мектепті 133 мың түлек тәмамдаса, 2013 жылы оларды саны 139 мың болған. Демек, мектеп бітірушілердің саны 6 мыңға азайған. Статистика агенттігінің мәліметі бойынша бұл тенденция алдағы 3-5 жыл бойы жалғасады", - деді министр.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Бүгін ҰБТ-ның қорытындысына арналған ОКҚ-ның бирфингінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов 2014 жылы ҰБТ тапсырушылар санының аздығы демографиялық ахуалмен байланысты деп мәлімдеді.

"Жалпы, биыл ҰБТ ұйымдастыру жоғары дәрежеде өтті. Ал, тестілеуге қатысушылардың аздығы ол бірінші кезекте демографиялық ахуалмен байланысты. 2014 жылы мектепті 133 мың түлек тәмамдаса, 2013 жылы оларды саны 139 мың болған. Демек, мектеп бітірушілердің саны 6 мыңға азайған. Статистика агенттігінің мәліметі бойынша бұл тенденция алдағы 3-5 жыл бойы жалғасады", - деді министр.

Сонымен қатар, ол бүгінде білім ошағын 2000 жылға дейін салынған мектептердің түлектері тәмамдауда, деп атап өтті.

"2000 жылдың басында басталған демографиялық өсім мектеп бітірушілерге де жетті. 2019 -2020 жылдардан бастап бізде түлектердің саны арта бастайды", - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, бұл ақпарат жоғарғы оқу орындары үшін өте маңызды. Себебі, демографиялық өсім мен төмендеуді бірінші кезекте олар сезетін болады.

Сондай-ақ, министр ҰБТ нәтижесі халықтың табысына да байланысты, деп атап өтті.

"ҰБТ табысы халықтың табысына байланысты. Егер, жергілікті жұрттың табысы мен ҰБТ нәтижесі бойынша кесте түзетін болсақ Астана мен Алматы көш басында. Айта кертерлік жайт, бұл тенденция жалғасып та келеді", - деп А. Сәрінжіпов түйді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны