29.01.2010, 14:37 3602

2020 жылы Жалпы ішкі өнімнің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем түспеуге тиіс - Нұрсұлтан Назарбаев

2020 жылы Жалпы ішкі өнімнің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем түспеуге тиіс - Нұрсұлтан Назарбаев

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - 2020 жылы Жалпы ішкі өнімнің құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем түспеуге тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жалпы алғанда 2020 жылы біз экономиканы үдемелі әртараптандыруда мынадай басты көрсеткіштерге қол жеткізуге тиіспіз: барлық жұмыстарды жүзеге асыру нәтижесінде Жалпы ішкі өнімнің құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем түспеуге тиіс, жалпы экспорт көлемінде шикізаттан басқа экспорттың үлесі 27-ден 45%-ға дейін өсуге тиіс, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі екі есе өсуге тиіс, ауылшаруашылығында - кем дегенде 4 есе өсуі қажет", - деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, "Жалпы ішкі өнімнің энергетикалық сыйымдылығы кем дегенде 25%-ға кемуге тиіс, инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 4 пайыздан 20%-ға дейін өсуі қажет. 2015 жылы ауылшаршуалығы саласының экспорттық әлеуеті 4-тен 8%-ға дейін, ал құрылыс саласының ішкі сұранысы Қазақстанның өз құрылыс материалдарымен 80%-ға қамтамасыз етілуге тиіс".

"Үкіметтің және барлық деңгейдегі әкімдердің алдында тұрған нақты мақсаттар - міне осылар. Біздің жауап күтетін талаптарымыз - осы", -деді президент.

"Бес жылда үкімет металлургиялық өнімнің өндірісі мен экспортын екі еселеуді, химия өнеркәсібі өнімінің үш еселенуін қамтамасыз етуге тиіс. 2015 жылы жаңа жобалардың есебінен бюджет кірісі 400 млрд теңгеге дейін өсуге, сол арқылы шикізат саласына тәуелділік азайтылуы қажет", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны