28.01.2021, 19:57 10021

ҚР ЦДИАӨМ басшысы 2021 жылға арналған Ғарыш жөніндегі мемлекетаралық кеңестің төрағасы болып сайланды

Қазақстандық делегация Ғарыш жөніндегі мемлекетаралық кеңестің екінші мәжілісіне қатысты.

Нұр-Сұлтан. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 27 қаңтарда Министр Бағдат Мусиннің басшылығымен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салалық ынтымақтастық органы болып табылатын Ғарыш жөніндегі мемлекетаралық кеңестің екінші мәжілісіне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілісте ғарышты игеру және дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша 18 өзекті мәселе қаралды. Қазақстан мәжіліске қатысушыларға Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің, геоақпараттық технологиялардың және спутниктік навигацияның деректерін қолдану негізінде экономика салаларын цифрландыру мәселелеріндегі өз тәжірибесін ұсынды.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстандағы құрастыру-сынау кешенінің базасында оптикалық және телекоммуникациялық спутниктер құру, 3 ғарыш аппаратынан тұратын орта шешімді ЖҚЗ қазақстандық спутниктік топтамасын құру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мәселесін талқылады.

Мәжіліс шеңберінде ТМД Атқарушы комитетінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин кеңестің 2021 жылға арналған төрағасы болып сайланды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Кеңестің кезекті мәжілісін өткізу Ресей Федерациясында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны