05.04.2024, 14:28 101526

2023 жылы Қазақстанға 1 миллионнан астам шетелдік турист келді

2023 жылы Қазақстанға 1 миллионнан астам шетелдік турист келді
Сурет: Depositphotos
2023 жылы елге 1 084,8 мың шетелдік турист саяхаттаған, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бұл - бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 156,8 мың адамға көп, өсім 2022 жылмен салыстырғанда 17% жетті. 2022 жылы елімізге 928 мың шетелдік келген.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, орналастыру орындары қызмет көрсеткен ішкі туристер саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 647,5 мың адамға артып, 7 млн 54,5 мың адамға жетті. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1 млн 767 мың адамға көп (2019 ж. - 5 млн 286 мың адам).

Кейінгі жылдары әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер арасында Қазақстанға деген қызығушылықтың арта бастағаны байқалады. Мәселен, биыл елімізге 1 миллионнан астам шетелдік келген. Бұл еліміздің табиғи сұлулығы, мәдени бай мұрамыз бен қонақжайлығымыз көрсе көз тоятындай екеніне дәлел болып тұр. Біз жаңа қонақүйлер салуды, көлік желісін дамытуды және туристік маршруттарды кеңейтуді қоса алғанда, туризм инфрақұрылымын белсенді дамытып жатырмыз. Мақсатымыз - Қазақстандағы саяхатты келушілер үшін қолжетімді әрі жайлы ету. Елге келген әр адам бірегей мүмкіндіктерімізді пайдаланып, естен кетпес сәттерді бастан өткерсе екен дейміз", - деді Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны