26.02.2024, 12:07 30996

2024 жылдан бастап Қазақстанның оңтүстігіндегі фермерлерге суармалы су беру қызметтерінің құны төмендеді

2024 жылдан бастап Қазақстанның оңтүстігіндегі фермерлерге суармалы су беру қызметтерінің құны төмендеді
Сурет: Depositphotos
Қазақстанның оңтүстігіндегі шаруалар арзан бағадағы суармалы сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.

Биылдан бастап еліміздің оңтүстігіндегі бірқатар шаруалар үшін суармалы су беру қызметінің құны арзандады. Себебі, 2024 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық аясында "Қазсушар" мекемесі тұтынушылармен тікелей келісім-шартқа отырып жатыр.

Бұл ортадағы делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді. Тиісінше бірқатар тұтынушылар үшін қызметтердің құнын арзандатады.

Әділет Жылқыбеков - "BIRLIK KORDAY 2021" ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы. Жыл сайын "Қазсушар" мекемесімен келісім-шартқа отырады. Шаруа заң бойынша келісім жасаудың тиімділігі көп екенін айтады.

Бұл ең алдымен шаруаның құқығын қорғайтын құжат. Мәселен, былтыр төтенше жағдай кезінде келісім-шарты бар шаруалар еш қиындықсыз өтемақы алды. Бұдан бөлек, Қазсушар-дың суы өте арзан. Қызмет ақысын қолма-қол ақшасыз төлейміз. Бұл қаржы айналымының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сол себепті шаруаларға "Қазсушар" мекемесімен алдын ала келісім-шартқа отыруға кеңес беремін",- деді ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы Әділет Жылқыбеков.


Бүгінгі күні "Қазсушар" оңтүстік аймақтағы 1740 шаруа қожалығымен су беру бойынша келісім-шарт жасады. Қалған өңірлерде шартқа отыру жұмыстары наурыз айында басталады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі биылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тікелей келісім-шартқа отыра бастады. Осы арқылы министрлік шаруаларға су беру қызметінің құнын арзандатуға ниетті. "Қазсушар" мекемесі 2024 жылдың вегетация маусымына 19 мыңнан астам тұтынушымен келісім-шартқа отыруды жоспарлап отыр. Барлық өңірлер бойынша сәуір айынан суармалы су беріле бастайды",- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны