13.03.2012, 13:09 3628

2030 жылға дейін электр энергетикасына қажетті инвестициялар 9 трлн.-нан астам теңгеге жуықтауы мүмкін

Бұл туралы бүгін селекторлық режімде өткен Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - 2030 жылға дейін электр энергетикасына қажетті инвестициялар 9 трлн.-нан астам теңгеге жуықтауы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін селекторлық режімде өткен Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, электр энегетикасы саласындағы мақсат-міндеттерді шешу үшін 2012-2030 жылдар аралығында қажетті инвестициялар көлемі 9,5 трлн. теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде 5,5 трлн. теңгесі - генерацияға, 1,4 трлн. теңгесі - ұлттық электр желілеріне, сондай-ақ 2,5 трлн. теңгесі республикалық электрлік компанияларына қажеттілік етеді. Негізгі инвестициялар 2020-2030 жылдар аралығында жұмсалмақ.

И. Исекешевтің айтуынша, 2030 жылға дейін қазіргі қолданыстағы электр қуаттарын жаңғырту және жаңа генерациялық қуаттардың құрылысын іске асыру жоспарланып отыр. Осы орайда ол, Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2, Ақсу ГРЭС-ін жаңғырту қажет екендігін жеткізді.

Сонымен қатар министр, ұлттық электр желілерін бұдан әрі қарай дамыту алдыңғы қатарлы технологиялардың негізінде кешенді шараларды қарастырып отырғандығын, сондай-ақ бұл тұрғыда республиканың Солтүстік аймағы мен Шығысын және Оңтүстік өңірлерінің байланысын нығайту және Батыс аймақ пен Солтүстік және Оңтүстік өңірлерінің электр желілерін біріктіру қажеттігін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны