05.06.2013, 09:35 3403

2030 жылға қарай Қазақстанның энергия қоржынындағы ЖЭК үлесі 30%-ға жетеді

Қазақстанда "жасыл" экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес еліміздің энергия қоржынындағы баламалы және жаңартылмалы энергия көздері 30%-дан асады, деп мәлім етті қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

Астана. 5-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда "жасыл" экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес еліміздің энергия қоржынындағы баламалы және жаңартылмалы энергия көздері 30%-дан асады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда "жасыл" экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес еліміздің энергия қоржынындағы баламалы және жаңартылмалы энергия көздері 30%-дан асады, деп мәлім етті қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

"2030 жылға қарай біздің энергия қоржынымыз табиғи газға ішкі баға жоғары болған жағдайда 11% жел және күн көздері, 8% атомдық,10% гидро, 21% газға және 49% көмірдегі генерациядан тұрады. 2050 жылға қарай жел және күн көздері 39%-ға артып, АЭС және ГЭС үлесі 14%-ды құрайды, газ станциялары 16%-ды, ал қалған 31% көмір станцияларына тиесілі болады, олар таза технологияларға негізделген көмір технологияларындағы заманауи жаңартылған", - деді Н.Қаппаров.

Жалпы алғанда, электр энергертикасында тұжырымдамаға сәйкес "Стратегия - 2050" бағдарламасында белгіленгендей 2030 жылға қарай 30%, 2020 жылға қарай 50% көлемінде баламалы және жаңартылмалы энергия көздерін жиынтық үлесіне жету жоспарланған.

Сонымен қатар, ҚОҚМ басшысы атап өткендей табиғи газдың бағасы төмендеген жағдайда 2030 жылға қарай газ электр станциясының үлесі 26%-ға, 2050 жылға қарай - 32%-ға жетеді.

Бұдан өзге, Н.Қаппаровтың айтуынша энергия тиімділігі және энергия үнемдеу бойынша агрессиялық шаралар 2030 жылға қарай электр энергиясының өндірісін 10%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

ҚР-ның "жасыл экономикаға" көшу бойынша тұжырымдама бекітілген және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен 2013 жылдың 1 маусымынан бастап іске қосылады.

Жарияланған құжатта белгіленгендей "ҚР-ның "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасы Қазақстан халқының тұрмыс жағдайын, өмір сапасын арттыру арқылы жаңа формациядағы экономикаға ауысу мақсатында терең жүйелік өзгертуге және қоршаған ортаға жүктемені және табиғи ресурстарды азуын минималдау арқылы 30 ең дамыған ел қатарына қосылуға арналған негіздерден құралған".

ҚР-ның "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасын үш кезеңде жүзеге асыру көзделген.

Экономиканың секторлары бойынша тұжырымдаманың нақты міндеттерін жүзеге асырудың құралдары қолданыстағы бағдарламалық құжаттар болып табылады: 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша "Агробизнес-2020" бағдарламасы, 2010-2014 жылдарға арналған ҚР үдемелі индустриялдық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы , 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, 2010-2014 жылдарға арналған "Жасыл даму" салалық бағдарламасы және басқа да бағыты дұрысталатын салалық бағдарламалар.

Сонымен бірге, 2014-2040 жылдарға арналған су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік бағдарлама жасау жоспарланған. Есеп бойынша 2050 жылға қарай "жасыл экономика" аясында қайта құру ЖІӨ-ді қосымша үш пайызға арттыруға, 500-ден астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіптің жаңа салалары мен қызмет сфераларын қалыптастыруға, жаппай халықты өмір сапасының жоғары стандарттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны