19.11.2015, 15:36 3880

2030 жылы Байқоӊыр ғарыш айлағы гепитилді ракеталардан бас тартады

2030 жылға қарай Байқоӊыр ғарыш айлағында бірінші санаттағы зиянды жарылғыш заттар - гептил мен амилдіӊ ракеталық құрылымы алынып тасталады, деді Қазғарыш агенттігініӊ төрағасы Талғат Мұсабаев Байқоӊыр ғарыш айлағыныӊ 60 жылдығына арналған "Жұлдызды жол батырлары" дөӊгелек үстелі барысында

Астана. 19 қараша. Kazakhstan Today - 2030 жылға қарай Байқоӊыр ғарыш айлағында бірінші санаттағы зиянды жарылғыш заттар - гептил мен амилдіӊ ракеталық құрылымы алынып тасталады, деді Қазғарыш агенттігініӊ төрағасы Талғат Мұсабаев Байқоӊыр ғарыш айлағыныӊ 60 жылдығына арналған "Жұлдызды жол батырлары" дөӊгелек үстелі барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазғарыш бірінші санаттағы зиянды жарылғыш заттар - гептил мен амилдіӊ ракеталық құрылымы алынып тасталады. Бүгінде бірқатар шаруа жүргізілді, гептил қолданылатын 4 ракетаныӊ үш түрі алынып тасталды. Тек қана "Протон" қалды. Ресей Федерациясы ракетаныӊ бұл түрін қалдыруды өтінді. Егер біз "Протонды" алып тастасақ, ғарыш айлағы жабалып қалады", - деді Т.Мұсабаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Ол атап өткендей, қазіргі таӊда қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру мен апатты жағдайларды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды жүзеге асырып жатырмыз. Егер гептил ғарышқа шығып, сол аймақта жанып кетсе одан ешқандай зақым келмейді. Қазақстан ресейлік тарап барлық қажетті шаралардыӊ қамтылуы үшін жағдай жасауда.

"Бұл өте күрделі үрдіс болды, біз "Протон" мен жіберулерді кесте бойынша сәйкестендірдік. Біз орташа есеппен "Протонныӊ" 15 ракетасын ұшырамыз, 2025 жылға қарай ол 5-ті құрайды, 2030 жылы "Протонды" жіберуге тиым саламыз. Байқоӊыр ғарыш айлағында бірінші санаттағы зиянды жарылғыш заттар - гептил мен амилдіӊ ракеталық құрылымы алынып тасталады", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны