02.02.2021, 17:30 7493

2030 жылға қарай Қазақстанда 31 жаңа су қоймасы салынады

Одан бөлек жалпы көлемі 885 млн. м3 болатын Жамбыл (3), Батыс-Қазақстан (2), Түркістан (1), Алматы (1) және Қызылорда облыстарында 8 жаңа су қоймасы салынады.
Нұр-Сұлтан. 2 ақпан. Kazakhstan Today - 2025-2030 жылдар ішінде 31 су қоймасы салынатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстарын басқару жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірледі. Бүгінде аталған мемлекеттік бағдарламаны ұлттық жобаға айналдыру жұмыстары жүргізілуде. 6 негізгі бағыт анықталды. Біріншісі, су дипломатиясын нығайту үшін мемлекетаралық су қатынастарын жетілдіру. Екіншісі, су ресурстарын цифрландыру, есепке алу және мониторингілеу. Нәтижесінде 119 су арнасында цифрландыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, өзен ағынының ресурстарын айқындаудың ақпараттық жүйесі құрылады және т. б. Үшіншісі, суды үнемдеу. Нәтижесінде заманауи су үнемдегіш технологиялар қолданылатын суармалы жердің көлемі 221 мың гектардан 420 гектарға дейін ұлғаяды. Төртіншісі, ирригациялық жүйелер мен құрылыстарды қалпына келтіру, жаңа су қоймаларын салу. Нәтижесінде шамамен 2000 километр магистралдық арналар реконструкцияланады. Одан бөлек жалпы көлемі 885 млн. м3 болатын Жамбыл (3), Батыс-Қазақстан (2), Түркістан (1), Алматы (1) және Қызылорда облыстарында 8 жаңа су қоймасы салынады. Ал 2025-2030 жылдар ішінде тағы 31 су қоймасы салынатын болады. Бесіншісі, құқықтық базаны жаңарту. Осы жұмыстың аясында жаңа редакциядағы Су кодексі әзірленеді. Алтыншысы, су саласының мамандарын қазіргі заманғы дағдылармен даярлау және ғылыми қамтамасыз ету", - деді Экология министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев ҚР Үкіметі отырысында.

 
Оның айтуынша, "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы 7 негізгі бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экологиялық білім және экологиялық мәдениетті арттыру.
 
Бұл ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қала - Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
 

Бұдан басқа, 2025 жылға қарай сарқынды суларды ағызу көлемін төмендетуге қол жеткізуді, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін ағымдағы он 18%-дан 35%-ға дейін арттыруды, сондай-ақ елдің жалпы ішкі өнімінің (ВВП) энергия сыйымдылығын азайтуды жоспарлап отырмыз. Екі ұлттық жобаны әзірлеу және бекіту жұмыстары ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қарай аяқталады", - деді министр.

 
Орман қорында 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімділігі барысына қоғамдық мониторингті жүзеге асыру мақсатында, Экология министрлігінің қолданыстағы геопорталының негізінде интерактивті карта құру ұсынылады.
 

Қазір осы геопорталда орман өрттері мен заңсыз ағаш кесу мониторингі онлайн режимде жүзеге асырылуда. Геопортал "Ғарыш Сапары" компаниясымен бірлесіп пысықталатын болады. Картада жылдар бойынша өңір-өңірге бөлінген ағаш отырғызу жоспарлары көрсетіледі. Жергілікті атқарушы органдар бекітілген Кешенді жоспарлардың шеңберінде ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі жұмыстарды уақтылы жүзеге асыруы қажет деп санаймыз", - деп түйіндеді министр.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны